Президент 8 наурыз мерекесімен әйелдер қауымын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалғанын және қыз-келіншектердің қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысып жүргенін атап өтті.

«Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісіндегі әйелдердің айрықша рөліне тоқталып, асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық екенін айтты», — делінген хабарламада. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.