12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Петропавл қаласының әйелдер колониясында 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында «О,АНА» іс-шарасы өтті

Бұл күні сотталған әйелдерге арналып, мерекелік концерт қойылды. Содан соң балалары мен немерелері түсірген бейнероликті тамашалау кезінде әйелдер көздеріне жас алды. Мұндай ерекше кештер үйін аңсаған нәзік жандылардың жүрегі мен жанын ерекше тебіренткені сөзсіз.

  • Мұндай іс-шаралар сотталғандардың ана екендерін еске салады. Олар бостандықта күтіп жүрген балаларына асығады. Осы сияқты іс-шаралар сотталғандардың мерзімінен бұрын босап шығуын ынталандырады, — психолог Гульжан Сексембаева.

Сотталған әйелдер кеште Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасын негізге алды. Қойылымның сюжеті ұлынан айырылған «Найман-Ана» анасының бейнесіне негізделген.»Найман–Ана» бейнесінде ашылған қойылымның ерекше идеясы ананың шексіз махаббатын білдіреді.

Кеште мерекелік әндер мен билерде кейін, әйелдердің назарына балалары мен немерелері жасаған бейнеролик ұсынылды. Әйелдер көздеріне жас алды. Людмила Николаева ҚР ҚК 297-бабы бойынша 10 жылға сотталған. ЕС-164/6 мекемесінде 3 жылын өтеген, 7 жылы қалды. Түрмеге түскенде, кішкентай қызы 1 жаста болған. Үлкен баласын видеода көрген анасының жүрегі сағыныштан қан жылап тұрған кезде, баласының залға кіріп келуі сотталғанды қатты таң қалдырды.

  • Мен анамды жарты жыл көрген жоқпын. Қатты сағындым. Түрмеге түскенде қарындасым 1 жаста еді, қазір 4 жаста. Өзімнің 1 балам бар, екеуі де балам сияқты. Қарындасымды қатты аялаймын, өйткені оған ананың қамқорлығы жетпейтінін түсінемін, — сотталғанның ұлы Георгий Николаев.
  • Ішімде не болып жатқанын айтып түсіндіру қиын. Бақыттымын. Бұлай болады деп күтпеп едім. Бостандықта 2 балам күтіп отыр. Қателік жасап, осы жерге түстім. Жүрегім ауырады. Ойымды айтып жеткізу қиын. Мекеме басшылығына тек рахмет айтқым келеді. Баламды құшақтап, иіскеп, мауқымды бір басып алатын болдым, — сотталған Людмила Николаева.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының әйелдер колониясында 250 жуық нәзік жанды жазасын өтеуде.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

№20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» акциясы өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын...

В учреждении №20 провели акцию «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол»

Во исполнение плана Министерства внутренних дел Республики Казахстан по...

Закон и порядок

Сегодня среди осужденных граждан, состоящих на учете в службе...

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында сотталған азаматшалға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі органдармен...

Түзеу мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде Ұлттық...