Парламент Президент туралы заңды қабылдады 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық заң жобасы биылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституция талаптарына сәйкес әзірленді. Құжат Мемлекет басшысының арнайы Жолдауы негізінде Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Заң жобасында Қазақстан Республикасы Президенті мен Вице-президентінің құқықтық мәртебесі нақты айқындалып, қолданыстағы конституциялық реттеудің негізгі қағидаттары мен құқықтық сабақтастығы сақталған.

Жоба 8 тарау мен 43 баптан тұрады. Сонымен қатар 2026 жылғы Конституция нормаларын бейімдеу және жаңа мемлекеттік билік институттарын қалыптастыруға байланысты бірқатар жаңа ережелер енгізілді. 

Бұған қоса, бұрынғы заңнамадағы нормалар жан-жақты пысықталып, редакциялық тұрғыдан жетілдірілді. Парламент Регламентінің талаптарына сәйкес бірлескен комиссия депутаттар мен тұрақты комитеттердің ұсыныстарын қарауы тиіс болатын. Алайда комиссия қарауына қандай да бір түзетулер мен ескертулер түскен жоқ. Осыған байланысты заң жобасы бастапқы редакцияда ұсынылып отыр, – деді  Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.

Бұған дейін бүгін, яғни 20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.