12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ПӘНДЕРДІ БІРІКТІРУ: ҚАЖЕТТІЛІК ПЕ, ҚАТЕЛІК ПЕ?

Бүгінде орта мектептегі білім беруге қатысты қоғамда пікір көп. Əсіресе, кейбір пəндік сабақтарға деген көзқарас, оқу бағдарламасына қатысты сыни сөздер əр жерде айтылады. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесіне өзгеріс жасау үшін бірқатар талқылау жүргізіп жатыр. Дұрысы, кейбір пəндерді оқытуда өзгеріс тер орын алмақ. Мысалы, «Алгебра» мен «Геометрия» пəнін «Математика» пəніне, «Физика», «Химия», «Биология» пəндерін «Жаратылыстану» пəні етіп біріктірмекші. Бұған қосымша өзге пəндерді дəл осындай əдіспен оқыту ойластырылуда.

Былтыр дəл осы мəселе дəстүрлі республикалық тамыз кеңесінде де сөз болған. Президент кеңесшісі Тамара Дүйсенова мектепте оқытылатын пəндер санының көп екендігін, кейбір пəндердің оқу бағдарламасынан алынуы мүмкін екенін айтқан еді. «Соңғы жылдары біз пəндер санын көбейтіп жібердік. Жаңа пəндер қаржылық сауат тылық, бизнес жүргізу, дінтану, тағы да басқа бағыттарды қамтып отыр. Ал əлемдік деңгейде керісінше, пəндерді кіріктіріп оқыту, вариативті, оқушылардың мүмкіндігін дамытатын негізгі пəндерді оқыту бірінші кезекте қарас тырылмапты. Қазір химия, биология, гео графия сынды пəндер 578 сағат оқытылады. Ал Жапония, Оңтүстік Корея сынды дамыған елдерде бірнеше пəн біріктіріліп, 324 сағат берілген. Алайда халықаралық PISA зерттеуі ол елдердегі оқушылардың білім деңгейі жоғары екенін көрсетті. Алдағы екі жылда оқытылатын пəндер тізімі сарапшылар қатысуымен анықталады. Яғни, 2026 жылы оқу бағдарламасында бірнеше пəн болмауы мүмкін», – деді ол. Тамара Дүйсенова мысал келтірген PISA бағдарламасы халықаралық білім сапасын қадағалайды. Аталған бағдарламаның соңғы зерттеуіне сəйкес, 81 елдің ішінде Қазақстан математикадан 46, оқудан 61, жаратылыстану пəнінен 49-шы орынға тұрақтапты. Ал үздік үштікте Сингапур, Жапония жəне Оңтүстік Корея тұр. Олардағы сапа оқу пəндерінің аздығы жəне нақты ғылымға негізделуінен болып отыр. Мысалы, Сингапурда бастауыш сыныптан кейін міндетті 10 пəн болса, Жапония мен Кореяда 12 пəн оқытылады. Қазақстанда орта сыныптарда 15, 10-11-ші сыныптарда 16 міндетті пəн бар екен. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов 2026–2027 оқу жылында қолданысқа енетін жаңа оқу стандарты туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, «Дүниежүзі тарихы» мен «Құқық негіздері» «Əлеуметтік ғылымдар» ретінде, «Алгебра» мен «Геометрия» «Математика» пəні ретінде біріктірілуі мүмкін. Сол секілді «Химия, «Биология», «Физика» «Жаратылыс тану» пəніне бірікпек. «Бүкіл пəн орнында қалады. Сондықтан химия, физика, биология немесе математика пəндері жойылады деген сөз болмау керек. Бір жағынан кейбір пəндерді біріктіріп оқытқысы келетін мектептер бар. Жаңа стандарт ондай бастамаларға рұқсат береді. Яғни, əр мектептің ішкі шешіміне байланысты. Бір мектеп физика, биология, химия сияқты пəндерді дəстүрлі қалпында қалдырғысы келсе, жаңа стандарт оны да қарастырған», – дейді ол. Білім саласының сарапшысы Аятжан Ахметжанұлы əр мектепке пəндерді қосып не қоспау таңдауы берілсе, салада жүйесіздік туатынын айтты. «Ертең оқушы бір мектептен басқаға ауысса немесе ҰБТ тапсырғанда оқулықтар арасында, біріктірген, кіріктіргендер арасында шатасып жүрмек. Бұлай пəндерді біріктіруге де, кіріктіруге де болмайды. Пəнаралық байланыс деген ұғым бұрыннан бар, сол сақталу керек. Ал бұлар жеке-жеке ғылым, жеке-жеке пəн. Менің түсінбейтінім, онсыз да сапасы сын көтермейтін пəндерді біріктіріп, қоймалжың жасау кімге керек? Ертең ол біріккен пəнді кім береді? Химия ғылымдарының докторы, педагог-шебер болсам да, биология мен физикадан сабақ бере алмаймын. Білімім жетпейді. Себебі, ол – өзінше ғылым. Ал сонда əмбебап ұстаздарды бұлар қайдан таппақ?! Құқық пен тарихтың да есі дұрыс адам екі түрлі ғылым екенін жақсы біледі. Оны бір-біріне қосу да күлкі шақырады. Бір-біріне ұқсайтын жерлері бар екен деп былықтыра беруге болмайды. Бұл құлдырауға алып келеді. PISA көрсеткішінде математикалық сауаттылық пен жаратылыстану ғылымдары сауаттылығынан қай деңгейде болғанымызды ешкім ұмыта қоймаған шығар», – деді ол əлеуметтік желідегі өз парақшасында. Жалпы, оқушының алған білімін өмірде қажетіне жаратып, ел игілігіне жұмсауы – ұстаздың да, ата-ананың да қалауы. Бірақ сапалы оқыту ісінде кейбір мəселелер əлі де бар. Елордадағы Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-гимназияның математика пəні мұғалімі Күшай Тердікбайдың сөзінше, бүгінде оқушылардың математикаға қызығушылығы əртүрлі. Ал оның бір себебі – қазіргі бағдарлама барлық оқушының деңгейіне сəйкес емес. «Өзге елдерде математика пəнін оқушыларға барынша қызықтырып, жеңілдету тұрғысынан бірқатар өзгеріс жасалып, жетістіктері де көрінуде. Алайда бұл Қазақстанда жолға қойылмаған. Сондықтан да кейбір оқушы пəнді мүлдем түсінбей жатады. Шын мəнінде, біздегі бағдарламаны барлық оқушы бірдей игере алмайды. Мысалы, шетелде математиканың сағаты бізден əлдеқайда аз. Азырақ дегеніміз – материалдағы мазмұн деңгейінің азайтылғаны. Яғни ғылыми күрделі деңгейдегі тақырыптарды алып тастап, баланың болашағына қажетті, ойын дамытатын негізгі тақырыптар беріледі. Біздің елде көп сағат ауыр мазмұнға байланысты берілген. Жалпы өзге мемлекеттерде де бір ғана математика пəні оқытылады. Ал оны бөлшектей беру оның теориясын көбейтеді», – дейді ол. Оның сөзінше, алгебрада алгебра теориясы, геометрияда геометрия теориясы айтылады. Ал жалғыз математика – балаға керек нəрсесін беруге арналатын пəн. Бұл олқылық мамандардың тапшы болуына да əсер етеді. Берілген мазмұнды толық түсінбеген оқушы «Математика» мамандығын таңдағанның өзінде оны игеріп шығуы қиындай түспек.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

От жестокости – к триумфу человечности

В Семее произошла трагедия, которая могла бы стать еще...

Бір жыл ішінде қандай тауарлар қатты қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі туралы мәлімет жариялады.

Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің үлкен ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр.

8 наурызға орай демалыс қай күнге ауыстырылды?

2025 жылы Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады.

Алматыда күн қашан жылынады?

"Қазгидромет" Алматыдағы 4-6 наурыз аралығыдағы ауа райы болжамын жариялады.