12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОТАНДАСТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

«Қазақстандағы сайлау әділ, демократиялы өтті» – деп мәлімдеді ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары, байқаушылар миссиясының басшысы Чжан Хайчжоу. Оның айтуынша, бұған дейінгі сайлаулармен салыстырғанда «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тұрғысында айтарлықтай өзгерістер орын алған. «Сайлау бұқаралық ақпарат құралдарында егжей-тегжейлі әрі жан-жақты жарияланды. Барлық эпидемиологиялық-санитарлық норма сақталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қажетті барлық жағдай қарастырылды. Сайлау кезеңінде миссия мүшелеріне ескертулер мен шағымдар келіп түскен жоқ. Миссия сайлауды еркін, әділ әрі демократиялы өтті деп мойындайды», деді Чжан Хайчжоу БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұған дейін: «Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады. Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық. Мемлекетіміздің барлық азаматтары белсенді қоғамдық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын» – деген. Бұл үде тұрғысынан Президенттің арман-тілегі орындалғандай. ҚР Парламенті мен мәслихат депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,09 пайыз дауысын иеленіп, бәрінен басым түсті. Респонденттердің 5,29 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,57 пайызы «ADAL»
саяси партиясына, 10,95 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,10 пайызы «Қазақстанның халық партиясына» дауыс берген. Осылайша «Nur Otan», «Ақ жол» және «Қазақстанның халық партиясы» Парламент мәжілісіне жолдама алды.
Алдын ала сайлау нәтижелерін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мустафина Сабила жариялады. Сайлаудың биылғы пандемиялық жағдайда өткізілуі мұндай маңызды шараларда алдын ала тыңғылықты дайындалу қажеттігін көрсетті. Оны тәуелсіз бақылаушы ретінде тіркелген кезде жақыннан сезіндік. Әуелгі қиындық алдын ала үш күн бұрын ПЦР тест тапсыру процесінен басталды. Екі күннен кейін «сараптама қорытындысы дайын, «saqbol» қосымшасын жүктеу арқылы сараптама нәтижесін біле аласыз» деген хабарлама, телефонымызға екі қайтара келіп және әрқайсысында тапсырыс нөмірі әртүрлі болды, кейбіреулерге бұл хабарлама мүлдем келмеген. Бірақ аталмыш қосымшаны жүктеп алып қанша әуреленгенімізбен ПЦР тест нәтижесін алу мүмкін болмады. Яғни қосымша ішінде ол мәлімет болмай шықты. Амалсыз екінші қайтара «damumed» қосымшасын жүктеп, өзіміз іздеген мәліметті әзер таптық. Ал бақылаушы болған тағы бір әріптесіміз «damumedтен» іздеген ақпаратын таппай, egov қосымшасын жүктеді. Одан да ПЦР тестің нәтижесін таппай, сайлау болатын күні таңда белгіленген сайлау учаскесіне барғанымен оны кіргізбеді. Яғни бұл біздің бұндай процестерге ақпараттық, интернеттік мүмкіндіктер тұрғысында дайын емес екенімізді көрсетті. Осынша кедергілермен сайлауға кіргенімізбен, сайлау учаскесінің тым суықтығы бақылаушылар үшін тіпті қолайсыз болды. Сайлау комиссиясы «егер салқынға шыдамасақ қайтуымызға болатынын, ал мектепте оқушы жоқ болғандықтан жылу жоқ екенін, санитарлық талапқа сай мектептің екі есігін қатар ашып қоюға мәжбүр екенін, дауыс берушілер дезинфекциясы бар бір есіктен кіріп, басқа есіктен шығуы қажеттігін» жеткізді. Таңертеңгі 06:00-ден бастап, кешкі 21:00-ге дейін сайлау учаскесінде болған әрбір бақылаушының жағдайын өзіңіз осыдан-ақ елестете беріңіз. ҚХА-дан дауыс беруге 351 адам қатысты. Мәжіліс депутатына кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов – 290 дауысқа ие болды. Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты Парламент Мәжілісіне өтті.
ҚАЛАЙ ДЕСЕК ТЕ, ОТАНДАСТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ. БҰЛ МӘСЕЛЕ БІЗ АЙТҚАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДАН ӘРҚАШАН ДА БИІК ЕКЕНІН КӨРСЕТЕДІ. ЕЛ ҮШІН ДЕ ӨЗ БОЛАШАҒЫНА ТАҢДАУ ЖАСАҒАН МАҢЫЗДЫ.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Путиным

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным.

Беспорядки в Бишкеке: названа причина драки между иностранцами и местной молодежью

В МВД Кыргызстана назвали причину драки с участием иностранных граждан и предоставили хронологию событий, приведших к волнению и беспорядкам в Бишкеке в ночь с 17 на 18 мая.

Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды

Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.