Қостанайда алапат өрт болды: 11 үй жанып кетті

9 мамырда кешке Қостанай шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс өртенді. Желдің салдарынан өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен Набережная көшесіндегі жеке сектордың ауласына тарап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Наш Костанай» және «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап. 

ТЖД мәліметінше, өрт 11 тұрғын үйді, алты шаруашылық құрылыс нысаны мен төрт автокөлік, оның ішінде бір жүк көлігін жойып жіберді. Екі тұрғын үй жартылай бүлінді, жалпы 1000 шаршы метр алаң зардап шекті. Қамыс шамамен 1,5 гектар жер жанған. 

Өртті сөндіру қатты жел мен түтіннен қиындағаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, Набережная көшесі бойынша 25 адам эвакуацияланды.

Эвакуацияланған адамдар «Дружба» емдеу-сауықтыру орнына орналастырылды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі. Өрт сағат 20.15-те ауыздықталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 21.24-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД мен Қостанайдың басқа да қызметтерінің ондаған қызметкері мен техникасы жұмылды. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр. 

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.