ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауына алғашқы 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеді 

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына мониторинг жүргізу үшін алғашқы 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Бұл туралы ОСК отырысында комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, Құрылтай депутаттарының сайлауын халықаралық бақылау институты ресми түрде 2026 жылғы 1 шілдеде ашылды. Осыдан кейін Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға сайлау науқанын бақылауға қатысу туралы шақырулар жіберді.

Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 60 байқаушының кандидатурасы ұсынылды, – деді Мұхтар Ерман.

Атап айтқанда, ОСК келесілер байқаушыларды аккредиттеді:

  • ТМД бақылаушылар миссиясынан 4 байқаушы;
  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 19 өкіл;
  • ЕҚЫҰ ДИАҚБ (БДИПЧ ОБСЕ) миссиясынан 32 байқаушы;
  • Мальдив Республикасынан 2 өкіл (оның ішінде осы елдің Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары);
  • Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпустың дуайені болып табылатын Палестинаның Қазақстандағы Елшісі;
  • Венесуэланың Қазақстандағы Елшісі;
  • Венгрияның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі.

ОСК төрағасының орынбасары жаңа ұсыныстардың түсуіне қарай аккредиттелген байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отыратынын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

ОСК шетелдік серіктестер тарапынан Құрылтай депутаттарының сайлауына деген қызығушылық жоғары екенін атап өтті. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тиісті ұсыныстардың түсуіне қарай жалғаса береді.

Еске салайық, бұған дейін ОСК партияларға кандидаттар тізіміндегі міндетті 30 пайыздық квота туралы ескертті

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.