Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін педагог лауазымы енгізілді

Қазақстанда алғаш рет педагог-профориентатор лауазымы ресми түрде енгізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

  • Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
  • Жеке және топтық кәсіби кеңес беру;
  • Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

«Жаңа лауазым енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді», — деп жазылған хабарламада.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.