Қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған ерекше хоббимен айналысады

Мекеме аумағын абаттандыру және көгалдандыру — сотталғандарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі. Британдық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі жасыл кеңістіктердің көбеюі сотталғандардың денсаулығына ғана емес, жүйке жүйесіне де жағымды әсер етеді, сонымен қатар психикалық бұзылулар қаупін азайтады. Блех Ирина Николаевна бұл туралы басқаларға қарағанда жақсырақ біледі.

Сотталған осы жылдың мамыр айында «ЕС-164/9 мекемесі» РММ-ге келді. Ирина Николаевнаның гүл өсіруге деген сүйіспеншілігі ерте балалық шағында, ауылда тұрып, жыл сайын өз бақшасында түрлі гүлдер отырғызудан басталды.

«Ирина біздің мекемеге келгеннен бастап, айналадағылардың бәрі гүлдей бастады, мен гүлдер туралы соншама көп білетін адамды әлі кездестірмедім. Жаз бойы біз қазір көзімізді қуантатын көптеген ерекше өсімдіктер отырғыздық», — дейді сотталғандардың бірі. Сотталған «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жұмысқа орналасқанына қарамастан, мекеме өміріне белсенді қатысады, аумақты абаттандыру және көгалдандырумен айналысады. «Мен мекемеге келгеннен кейін гүл өсіруден бас тартпауды шештім, себебі бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осылайша мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып қана қоймай, сонымен қатар аумақты көгалдандыру арқылы да өз пайдамды тигіземін. Жүрек тәрізді осындай ерекше композициямен мен гүлдерге деген сүйіспеншілігімді көрсеткім келді. Менің қолымнан келді деп ойдамын», — дейді Ирина Николаевна.

СЕҰТ аға инспекторы
«ЕС-164/9 мекемелері» РММ
әділет аға лейтенанты
М.Б. Сағандықова

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...