Олимпиадада күміс алған қазақстандық боксшы мен балуан қанша табыс тапты?

Париждегі Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай мен грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадраев 150 мың доллардан сыйақы алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң бойынша, бірінші орынға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі.

Сондай-ақ, 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Осылайша, күміс жүлдегерлер әрқайсы 72 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.

Еске салайық, 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Оралбай финалдық белдесуде украиналық Александр Хижнякпен кездесіп, жеңілген болатын.

77 келі салмақта сынға түскен Жадраев финалдық белдесуде жапондық Нао Кусакамен кездесіп, одан жеңіліп қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...