Непалдағы апат: Қазақстан құтқарушыларын жіберуге дайын ба? 

Непалдағы жойқын апаттан кейін іздестіріліп жатқандар арасында үш қазақстандық бар. Оларды іздеуге еліміздің құтқарушылары қатыса ала ма? Қазақстан қандай мамандар мен техника жібере алады және ол үшін не қажет? BAQ.KZ тілшісі осы сұрақтарға Төтенше жағдайлар министрлігінен ресми жауап алды.

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апаттан кейін Қазақстанның үш азаматы іздестіріліп жатыр. Осыған байланысты BAQ.KZ тілшісі ТЖМ-ден қазақстандық мамандардың құтқару операциясына қатысу мүмкіндігін, қандай күштер жұмылдырылуы ықтимал екенін және оларды жіберу тәртібін сұрады.

Министрлік ресми өтініш пен мемлекеттік деңгейдегі шешім болған жағдайда жедел әрекет етуге қажетті мүмкіндіктері бар екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Непалға қазақстандық құтқарушыларды жіберу туралы шешім қабылданған жоқ. Бүгінгі таңда Непалдың зардап шеккен өңірлерінің құзыретті органдарынан Қазақстан тарапына қазақстандық құтқарушыларды жіберу жөнінде ресми өтініш түскен жоқ», – делінген жауапта.

Ведомствоның түсіндіруінше, ауқымды төтенше жағдайлар кезінде халықаралық көмек зардап шеккен мемлекеттің қажеттіліктері мен ұлттық қызметтерінің мүмкіндіктері ескеріле отырып үйлестіріледі. Егер ресми өтініш келсе, ол апаттың сипатына, қажетті мамандар мен техника түрлеріне қарай белгіленген тәртіппен қаралады.

«Тиісті ресми өтініш келіп түскен және мемлекеттік деңгейде шешім қабылданған жағдайда, Министрліктің жедел ден қою үшін қажетті күштері мен құралдары бар», – деп мәлімдеді ТЖМ.

Қажет болған жағдайда министрлік мамандандырылған іздестіру-құтқару тобын қалыптастырады. Оның құрамына «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары, үйінді астынан адамдарды іздеу мамандары, кинологиялық есептоптар, авариялық-құтқару және инженерлік жұмыстар мамандары, медицина қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары кіреді.

Топ қажетті техникамен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қойылған міндеттерге қарай ТЖМ жүйесіндегі өзге де бейінді бөлімшелердің мамандары қосымша тартылуы мүмкін. Бұл – қажеттілік туындаған жағдайда қалыптастырылатын топтың құрамы. Ресми жауапта Непалға аттанатын нақты топ жасақталғаны айтылмаған.

BAQ.KZ тілшісі қазақстандық құтқарушылардың сел, тасқын, опырылу салдарын жоюға және тоннельдерде қалған адамдарды іздеуге қатысу мүмкіндігін де нақтылады.

«Олар ғимараттар мен құрылыстар қираған, су басу және су тасқыны болған, сел жүрген жағдайларда, сондай-ақ адамдарды қол жетуі қиын және шектеулі кеңістіктерде іздеу және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын», – деп жауап берді министрлік.

Құтқарушыларды шетелге жіберу тәртібі Үкіметтің 2019 жылғы 8 қазандағы №743 қаулысымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларымен⁠  айқындалады. ТЖМ мәліметінше, мұндай шешім кезінде апаттың сипаты мен ауқымы, зардап шеккен тараптың қажеттіліктері және халықаралық көмекті үйлестіру тетіктері ескеріледі.

Алайда министрлік ресми өтініш түсіп, шешім қабылданғаннан кейін топтың қанша сағатта немесе күнде аттана алатынын нақтыламады. Жауапта операцияға қатысу мерзімі жағдайға байланысты айқындалатыны және жұмыстар аяқталғанға дейін жалғасуы мүмкін екені көрсетілген.

Ведомство Қазақстанның бұған дейін де шетелдегі ірі табиғи апаттардың салдарын жоюға қатысқанын еске салды. Министрлік келтірген дерекке сәйкес, қазақстандық құтқарушылар 1999 жылы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін көмек көрсеткен. 2021 жылы осы елдегі орман өрттерін сөндіруге құтқарушылар мен авиациялық техника жіберілген. Ал 2023 жылы Түркия мен Ауғанстандағы жер сілкіністерінен кейін іздестіру-құтқару топтары аттанған.

Еске салайық, Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын тасқын 26 тамызда болған. Reuters агенттігінің 15 қыркүйектегі мәліметінше⁠, Непалда кемінде 1 386 адам қаза тауып, 5 130 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қытай аумағында 43 адамның қаза тапқаны расталған, тағы 519 адам іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына қираған инфрақұрылым мен аңғарларда жиналған 2,2 миллион тонна үйінді кедергі келтіруде.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.