Негізсіз әкімшілік айыппұл салынса, қайда және қалай шағымдануға болады?

Қазақстанда кейде азаматтарға негізсіз әкімшілік айыппұл салынып жатады. Егер сіз мұндай жағдайға тап болсаңыз, оны заңды түрде даулауға құқығыңыз бар. Massaget.kz тілшісі бұл материалда қазіргі жағдайда айыппұлға қалай шағымдануға болатынын қарастырады. 

Әкімшілік кодекстің бұзылуы тіркелген кезде бұл туралы деректер Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне (ӘІБТ) енгізіледі. Бұлар — автокөліктің жол қозғалысы ережелерімен байланысты бұзушылықтары; басқа құқықбұзушылықтар (қоғамдық жерде темекі шегу, түндегі шу, алаңда қоқыс тастау және т.б. үшін). Одан кейін құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл салынады.

Азаматтарға әкімшілік жаза қателесіп түсетін жағдайлар бар (мысалы, автокөлік бұзушылығы көлік құралын басқарған адамның кінәсінен  болмауы мүмкін), ондай жағдайда азаматтар онлайн режимде шағымдана алады.

Онлайн шағымды қалай беруге болады?

Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, егер айыппұлдар қате салынса, онда азаматтар Qamqor.gov.kz. портал арқылы өзі шағымдана алады.

Оның көмегімен іс материалдарымен танысуға болады. Сондай-ақ сіз фотобейне фиксация құралдары арқылы тіркелген бұзушылықтар туралы ұйғарымдарды және жүктеп алуға болатын іске тіркелген файлдарды көруге болады.

Qamqor.gov.kz сайттың басты бетінде «Әкімшілік құқықбұзушылықтарға шағымдану» қызметін таңдап, әкімшілік істер бойынша өтініш беру батырмасын басып, ЭЦҚ арқылы авторлану қажет. Содан кейін әкімшілік істі іздеу терезесі ашылады.

Бұл кезеңде іс нөмірін енгізіп, Іздеу батырмасын басу керек. Егер нөмір дұрыс көрсетілмесе, онда қате деп көрсетіледі. Егер бәрі дұрыс енгізілсе, табылған іс «өтініш беру» батырмасымен көрсетіледі.

Осы батырманы басқан кезде толтыруы қажет мәліметтер пайда болады. Онда шағымның мәні толтырылады және қажетті дәлелдер бекітіледі. Соңында өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойып, қарауға жіберу керек.

Өтінішті кім бере алады?

Функционал мәселенің мәнін көрсетуге және әкімшілік іс бойынша растайтын материалдарды бекітуге мүмкіндік береді. Өтінішті тек әкімшілік процеске қатысушылар өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен бере алады. Яғни сіз мұны туысыңыз, танысыңыз және т.б. үшін жасай алмайсыз. Өтініш сақталғаннан кейін, ол мемлекеттік органның лауазымды адамына «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне (ӘІБТ) мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына түседі. Қарау нәтижелері әкімшілік іс жүргізудің жария секторының жеке кабинетінде болады.

Әкімшілік айыппұлға шағымдану мерзімі

Айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқамаға немесе әкімшілік хаттамаға шағымдар оларды жасаған/шығарған органға беріледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша шағым қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 тәулік ішінде, ал егер адам істі қарауға қатыспаған жағдайда — қаулыны алған күннен бастап беріледі.

Айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымға шағым, наразылық ӘҚБт К-нің 817-бабында көзделген мерзім өткеннен кейін 10 тәулік ішінде берілуі мүмкін.

Егер әкімшілік құқықбұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарында және аспаптарында тіркелсе, Кодекстің қысқартылған іс жүргізу тәртібі бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым жеткізілген сәттен бастап 15 тәулік өткеннен кейін қаралған болып есептеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.