Неге Дикий Арманның ісі қаңтар оқиғасын ұйымдастырушыларға қарағанда ұзақ тергеліп жатыр?

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинадан Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша сот тергеуі неге ұзаққа созылып жатқаны сұралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахметуллинаның айтуынша, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта қаралып жатқан барлық сот ісі алқаға процестің барысы туралы нақты деректерді ұсынбайды.

«Әр инстанция өз қызметін толығымен дербес жүргізеді. Менің білуімше, иә, өндіріс әлі аяқталған жоқ. Ол аяқталғаннан кейін, әрине, бұл туралы ақпарат беріледі. Сот тергеуі жүріп жатыр», — деп жауап берді сот алқасының төрайымы Парламент кулуарында.

Сот алқасының басшысы «неге ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің ісіне қарағанда қылмыстық авторитет Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісі ұзаққа созылды?» деген сұраққа сот алқасының басшысы істе сот зерттеуге міндетті материалдардың көп болуы мүмкін деп жауап берді.

«Істер әртүрлі. Бір эпизодтан тұратын іс болады, онда бір жәбірленуші, бір куә — ол бірнеше отырыста аяқталуы мүмкін. 50 сотталушы, 250 жәбірленуші бар, сот толық зерттеуге міндетті қылмыстық іс материалдары орасан зор істер болады. Тиісінше, оның қашан аяқталатынын айта алмаймын. Мұның барлығын сот жеке шешеді. Бүгінгі күні, менің білуімше, әлі аяқталған жоқ», — деп қосты Рахметуллина.

Ол соттың істі сотта қарау мерзімін шектеуге құқығы жоқ екенін айтты.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.