Наурызда елге еңбегі сіңген азаматттарға мемлекеттік награда тапсыру игі дәстүрге айналады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Наурыз мейрамында елге еңбегі сіңген азаматттарға мемлекеттік награда тапсыру игі дәстүрге айналады. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Кешегі дүрбелең кезінде қаншама азаматымыз жұртты сабырға шақырып, салиқалы сөз айтты. Олар өз басын қатерге тігіп, айналысындағы адамдарға көмектесті. Жауапты сәтте жұртына қорған болып, елдіктің нағын үлгісін көрсетті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің пайымынша, осындай отаншыл тұлғаларымыз жас ұрпаққа өнеге.

«Халқымыз «Ер еңбегімен қадірлі» дегенді бекер айтпаған. Елге еңбегі сіңген жандарға Ұлыстың ұлы күнінде құрмет көрсетудің зор символдық мәні бар. Мен Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ азаматқа мемлекеттік награда тапсыру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл іс-шараны осы мейрамға орай өткізуді игі дәстүрге айналдырамыз», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.