12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«НАРЫҚ– АМАЛШЫЛ АДАМНЫҢ НЕСІБЕСІН АРТТЫРАДЫ»

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ 2007 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА: «БІЗДІҢ ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚОР РЫНОГЫН ҚҰРУЫМЫЗ КЕРЕК. ОНЫҢ ДАМУЫ ХАЛЫҚТЫ ӨЗ САЛЫМДАРЫН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА БЕЛСЕНДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА ТАРТПАЙЫНША МҮМКІН ЕМЕС. ҮКІМЕТТІҢ ХАЛЫҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ӘЛІППЕСІНЕ ТИІСІНШЕ ҮЙРЕТУ ЖӨНІНДЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІ КЕРЕК. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДІ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚУАТТЫ ФАКТОРЫНА АЙНАЛМАҚ» ДЕГЕН ЕДІ. БІР КЕЗДЕ АЛЫСТАҒЫ АРМАН СИЯҚТЫ КӨРІНЕТІН БҰЛ ДҮНИЕЛЕР БҮГІНДЕ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛДЫ.

Елбасының «Адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігерімен ұмтылады» дегеніндей соңғы жылдары қаржылық сауаттылық бойынша семинар-тренингтерге жұрт ақы төлеп қатыса бастады. Freedom Finance Life мәліметтеріне қарағанда, интернеттегі қаржылық сауаттылық бойынша хабарландырулардың 86 пайызы ақылы курстар. Онда тәжірибелі маманның 1 дәрісінің құны 5-10 мың теңге аралағында болса, онлайн курстардың құны 30 мың теңгеге дейін бағаланатын көрінеді. Ал бұл бағытта бір кездері үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007–2011 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмеуі де мүмкін. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап бұл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыра бастаған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі шығарған «Отбасы бюджетін басқарудың негіздері», «Мен инвестормын», «Алаңсыз қарттық», «Менің алғашқы капиталым», «Тұтынушыларды қорғау», «Қарызға өмір сүру» секілді басылымдарды қазір тек кітапханалардан ғана кезіктіруге болады. Тегін таратылған бұл кітаптарды оқып, өз қажетіне жаратқан адамдар ол кезде өте аз болған еді. Бұрын естісе де, көбі оған аса мән бермейтін. Қазір қаржылық сауаттылықтың қажеттілігі туралы әңгімені екі адамның бірінің аузынан естуге болады. Сондықтан да жасы да, кәрісі де оған қатысты түрлі басылымдарды интернет пен кітап дүкендерінен іздеп жүріп сатып ала бастады.
«Нарық – ебі жоқтың еншісін алып, құтын қашырады, ал алғырдың, амалшыл адамның несібесін асырады» дегендей банк, қаржы, төлем жүйелерінің дамуы ойы ұшқыр, алғыр, іскер адамдардың жолын ашып, бағын жандыруда. Сонымен бірге қаржылық білімге немқұрайды қарап, әрқилы желілік және қаржылық пирамидалардың арбауына түсіп, барлық жиған тергенінен бір күнде айырылып, сан соғып қалғандар да аз емес.
Олардың шығыны ресми деректер бойынша 2017–2019 жылдары ғана 8,3 млрд теңгені құраған. Бұл алаяқтарға алданған тұтынушылардың ресми орындарға шағымданғанынан
кейін анықталғаны. Ал қаржысын кімге бергенін ешкімге дәлелдей алмағандар мен алданғанын ағайын-туыс естісе ұят болады деп ешқайда қуынбай қалғандарды қосса бұл қаржы бұдан да еселене түсері күмәнсіз. Бүгінгі таңда елімізде «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020–2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманың бірыңғай дереккөзі және негізгі ақпараттық ресурсы fingramota.kz интернет-порталы болып отыр. Онда түрлі нұсқаулықтар, бюджетті жоспарлау құралдары, жоспарлау блоктары, көмек құралдары, ақпараттық материалдар және ойындар орналастырылуда. Тұжырымдамаға сүйенсек қаржылық тұрғыдан сауатты азаматтың мынадай қасиеттері болуға тиіс: өзінің кірістері мен шығыстарын жоспарлай білу; ұзақ мерзімді жинақтар және күтпеген мән-жайларға қаржылық «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру; қаржылық жаңалықтардан хабардар болу және қажетті қаржылық ақпаратты пайдалана білу; қаржылық көрсетілетін қызметтер мен өнімдерді ұтымды таңдай білу; кредиттеумен байланысты мәселелерге жауапкершілікпен қарау; қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде өзінің заңды құқықтарын білу және мүдделерін қорғай алу; қаржылық алаяқтық белгілерін танып-білу; қаржылық қызметтер нарығындағы тәуекелдерді білу; қаржы өнімдері мен құралдарының ерекшеліктерін білу және өзі үшін ең үздігін таңдай білу; көрсетілетін қаржылық қызмет шарттарын жасаған кезде қарым-қатынастардың негізгі аспектілерін және түйінді тармақтарын білу.

БӘСЕКЕЛЕСТІК БІЛІММЕН АНЫҚТАЛАДЫ
2018 жылы қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы 36 пайызды құраған болса, қолданыстағы тұжырымдама бойынша 2024 жылы оны 41 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. «Standard & Poor’s» рейтинг агенттігінің есебіне қарағанда, қаржылық сауаттылықтың әлемдік орташа деңгейі 33 пайыз. Қазақстанда ол меншіктік қаражатты басқару дағдыларындағы жоғары көрсеткіш есебінен 40 % деңгейінде бағалануда. Яғни статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан қаржылық сауаттылығы орташа елдердің қатарында тұр. Жыл сайын жүргізетін әлеуметтік зерттеу лердің қорытындыларына қарағанда еліміздегі қаржылық білім мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану дағдыларының көрсеткіші 25 пайызды құрайды. Қазақстандықтардың 32 пайызында банктік қарыздары, 39 пайызында қолма-қол жинақ ақша бар. Осыған қарамастан сауалнамаға қатысушылардың 63 пайызы қаржы туралы білімінің әлі жетпейтінін жасырмайды. Дүниежүзілік банктің қазақстандықтардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін 60 пайыз деп бағалап отырғанын ескерсек, қаржы институттары мен қаржы құралдарына деген сұраныс алдағы уақытта да өспесе, кемімейтіні анық. Оның үстіне қаржылық сауаттылықтың халықтың тұрмыс деңгейіне, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығында алар орны өте зор. Сондықтан білім мен кәсіби біліктілікті бағалайтын, оны ұлттық байлық санайтын елдер қаржылық сауаттылықты балабақша мен мектеп қабырғасынан бастайды.
Мамандықты мынау қоғамда сұранысқа ие, не мәртебесі жоғары деп бөлмей, әр баланың қабілет-қарымы мен жүрек қалауына сай өз таңдауын жасауына мүмкіндік береді және оған құрметпен қарайды. Сондықтан да дамыған елдерде мемлекет және қоғам қайраткерлері ғана емес, түрлі салалардағы танымал тұлғалардың бала-шағасының кафе-ресторандарда даяшы болып, өз еңбегімен табыс тауып жүргеніне ешкім таңданбайды. Тіпті бүгінгі таңда есімдері бүкіл елге әйгілі бірқатар тұлғалардың қаржылық сауатын осындай орындарда шыңдап, содан кейін ғана түрлі салада қалай табысқа жеткенін баяндайтын еңбектерін жұрт жата-жастана оқып, одан өзіне қажетін табуда. Халқының сауаттылық көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы ондықтың қатарында тұрған Қазақстанның қаржылық сауаттылық жағынан елуліктің ауылынан да сырт қалып келе жатқаны көңілге кірбің ұялатады. Ал халықтың қаржылық сауатын арттыруға жыл сайын бюджеттен де, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен түрлі қаржы институттары тарапынан да қомақты қаржы жұмсалып келе жатыр. Алайда оның пайдасын көріп жатқандар жалпы халықтың әлі күнге дейін тек 1 пайызын ғана құрап тұр.

Мая АРАЛБАЙҚЫЗЫ, қаржы кеңесшісі:
– Қазір қаржыны қалай жылдам көбейту жолдары туралы білім көбіне әлеуметтік желі арқылы берілуде. Ондағы мәселе, тек таңдауда болып тұр. Менің ойымша, қаржыны көбейту жолын үйренуді төлем жүйелерінен бастаған жөн. Мобильдік төлемді үйрендік қой. Тура сол сияқты Perfect Money, Payeer, Advcash тағы басқа да халықаралық төлем жүйелерінен электрондық әмиян ашып, сол жерге азды-көпті қаражат салып, шығарып үйрену керек. Содан кейін түрлі қаржылық-инвестициялық компанияларды тауып, олардың қайсысы қандай қаржылық өсім бере алатын зерттеу керек. Яғни сіздің салған ақшаңызды қайда, қалай айналдыратынынан мағлұмат болу керек. Ары қарай инвестициялық көздерді, құралдарды кеңірек қарастыруға болады. Олар қысқа, орта және ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Жаңа бастаған адам ең бірінші қаржыны қысқа мерзімді инвестицияға салған жөн. Оның күніне 0,5-1 пайыз беретіндері, айына 35-40 пайыз беретіндері де бар. Әрине бұл жерде тәуекел жасай білу қажет. Өйткені қаражатты көбейту жолдарының ешқайсысында 100 пайыз кепілдік болмайды. Тек шынымен ақшаны көбейту жолдарын үйренем деп қандай да бір сомамен тәуекелге барған адам ғана одан тәжірибе жинақтайды. Онда да қысқа мерзімдік инвестициялық құралдардың бір емес бірнешеуіне аз-аздап салып, оны көбейтіп үйренуден бастау керек. Белгілі бір деңгейдке білім мен тәжірибе жинағаннан кейін ғана ұзақ мерзімдік инвестицияға қаржы салған жөн.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...