Бір бұрышта бүрісіп, жүзі бозарып кеткен сіңілісі Мәруаны көргенде, жүрегі тоқтап қала жаздады.
— Директорларыңыз қайда?- деп айқайлады.
- Жоқ, олай емес! — дей беріп едім:
- Саған не болған! Тазалыққа тақадай едің ғой, — деп тағы сөйледі.
- Мені зорлаған сияқты, — дедім. Денемді әрең тіктеп.
- Ойбай, не дейсің?! Отырмыз ғой, осында ұйықтамай күзетіп. Жынды болып қалдың ба? Ондайды атама,- деп душқа апарды. Өзі дереу біреуге хабарласты. Арырақ кетіп сөйлесті. Тұла бойым жаурап сіресіп тұрған соң, суға түспей, дәретханаға тығылып Астанадағы әпкеме хабарластым. Бары сол.
- Сонда қылмыс кеше түнде, яғни 12 сәуір күні болған ғой деп тергеуші нақтылады.
- Мен ести сала алғашқы рейспен келген бетім осы,- деді Сара.
- Ата — аналарыңыз бар ма?
- Әкеміз бала күнімізде қайтыс болған. Ал анамыз ковид кезінде қайтты. Бұл қызды маған аманаттаған еді. Өзі де бір қырсық қой. Астанаға жұмыс бабымен ауысқан кезде, алып кетейін деп едім. Келіспей қойды. «Алматыдан оқуымды аяқтай салайын» деді. Егер жанымда жүрсе, ең құрымағанда бір қалада жүрсек бұндай қорлыққа душар болмас па едік?
- Ой, кешіріңізші! Артық әңгіме айтып кеттім бе? — деп Сара ішінде қайнап жатқан ойын сыртқа шығарған.
Маруаға тіке қарап:
– Белгілі бір адамнан күмәнданасыз ба?
- Жоқ,- деді басын шайқап. Бірақ сол ештеңе білмегеніне өзін кінәлі сезінгендей жанарын жерден алмады.
Сараптама бір сағатқа жуық созылды. Есік ашылып, дәрігер сыртқа шықты. Сара тіксініп орнынан тұрды.
Директор ауыр күрсініп, үнсіз қалды.
– Қорықпаңдар, – деді ол жұмсақтау үнмен. – Тек сұрақтарға жауап бересіңдер.
- 12 сәуір күні кезекшілікте болдыңыз. Не байқадыңыз?
- Ештеңе де болмады. Әдеттегідей барлық бөлмені аралап қарап жүрдім.
- Қызды зорлап кетті. Сіз бәрі тыныш дейсіз? Сонда қалай болғаны?
- А, аа, соны айтып тұрсыз ба? — деп саудың тамағын ішіп жындының сөзін сөйлегендей өтірік көлгірси қалғанын Абылай Әуезханұлы жақтырмады. — Таңға жуық тарсылдап кеткен соң, бөлмелеріне кірдім. Жылап тұрып қанды көрсетті. «Маған не болған?» деп сұрады. – Не, болған несі? Бойжеткен қызға келетін белгі ғой. Жүр, жуындырайын! деп душқа апардым. Барлығы сол,- деп зуылдады.
- Үстіндегі зорлықтың ізін көрмедіңіз бе? Көгерген немесе қызарған дегендей?
- Жоқ, ештеңе байқамадым. Көрсем айтам ғой. Көз алдымда өскен қыздар ғой!
- Сіз, кімге қоңырау шалдыңыз сол кезде?
Үйде балам жалғыз қалады. Соны ояту үшін хабарластым. Дәл сол кезде балаңызға хабарластыңыз ба
- сол түні қайда болғанын,
- жұмыс уақытын нақтылауды,
- жәбірленушінің бөлмесіне кіруге мүмкіндігі болған-болмағанын,
- бейнебақылау мен журналға сәйкестігін тексерді.
Сонымен қатар интернаттағы бейнебақылау камераларының жазбасын талап етті.
Мәруаның сот медициналық сараптамасы дайын болған күн.
- Мәруадан табылған ДНҚ мен сәйкестендіру үшін, мектептегі ер адамдардың бәрінен биоматериал алынсын! деді. Ол 5-7 күнге созылады. Ал қылмысты тез ашпасаң, қылмыскер ізін суытып кетуі мүмкін. Сондықтан Абылай Әуезханұлы қайта іске кірісті.
- Өзі бейнежазбаларды криминалистпен бірге қарауға отырды. Әр кадрды баяулатып, әр есіктің ашылған-ашылмағанын, дәліздегі көлеңкені де қалт жібермеді. Уақыт журналындағы жазбамен салыстырды. Бір жерде сәйкессіздік шықты: түнгі 23:00 шамасында интернатқа белгісіз бір жігіт кірген. Ондай адам интернатта жұмыс істемейді. Камерадағы бейнені бірнеше рет қайта-қайта қарады. Дәліздегі жарық күңгірт, бейне айқын емес. Бірақ Абылай Әзімханұлының қырағы көзі кішкентай ғана детальды қалт жібермеді: Бейнежазбадағы жігіттің қолында былғарыдан қоңыр білезік бар. Ал ол білезік зорлық болған жерден табылған заттардың тізімінде тұрғанын көрген. Қазіргі жастардың тағатыны. Білезік дей ме, жіп дей ме сондай бірдеңе.
Дереу директордан қосымша жауап алды.
Директор біраз үнсіз қалды. Сосын күбірлей жауап қатты:
Ол қылмыстық істің жаңа бағыты бойынша, директордың ұлын ресми түрде жауапқа шақырды.
– Отырыңыз, – деді тергеуші сабырлы дауыспен. – Оқиға бойынша жауап бересіз.
Жігіт орындыққа жайғасқанымен, көзі тергеушіден тайқыды.
– Мамамның заттарын алып кетуге келдім, – деді жас жігіт кібіртіктеп.
Абылай Әзімханұлы жігіттің жүзіне қадалды.
– Затын алған соң неге бірден шықпадыңыз? Дәлізде ары бері жүргеніңіз көрініп тұр. Неге бөгелдіңіз?
Жігіт ернін қысып, бір сәт үнсіз қалды. Артынша:
– Ештеңе. Жай ғана жүрдім, – деді күмілжіп.
– Дәлізде ме? Түн ортасында? – Тергеушінің дауысы суық әрі анық шықты.
Сенде қанша былғары мынадай білезік бар сонда?- деп жігіттің қолына тағып алғанын ұстады.
— Осы ғана. Анам сыйлаған соң, тастамай тағамын!- деді Марат сұрақтың мәнін түсінбегендей.
Жігіттің өңі қуқыл тартып, тілі байланып қалды.
Тергеуші салқынқанды қалыппен:
– Егер рас айтсаңыз, қорқудың қажеті жоқ, – деді.
Абылай Әзімханұлының ойы жүйріктей шапқылап бара жатты.
- Қылмыс болған күні таңғы сағат 5 шамасында, сізге тәрбиеші хабарласты ма?
- Иә, хабарласты.
- Оны алғашқы күні неге жасырдыңыздар? Тәрбиеші де өтірік айтты.
- Мен сенген жоқпын, шынымды айтайын! Оның үстіне Мәруа да «мені зорлаған сияқты» деп сенімсіз айтқан екен. Сосын тәрбиешіге «өтірік шығар, үндемеңдер» дегенім рас. Енді өзіңіз ойлаңызшы, кім осылай болатынын білген?
- Сонда алыстағы әпкесі келіп шағымданбаса, міз бақпай отыра бересіздер, иә? Енді сіздің ұлыңыз күдікті ретінде жауапқа тартылып жатыр. Мүмкін, қылмыскер сіздің ұлыңыз болар?
- Ой, жоқ! Менің ұлым мұндайға бармайды.
Интернаттан шығып кеткенше: «Шындықтан құтыла алмайсыңдар!» деп қайталаумен болды Абылай Әуезханұлы.
– Абылай Әзімханұлы, – деді ол дауыстап, – бір қызық жайтты байқадым.
Тергеуші басын көтеріп, ишара етті:
– Айта бер!
– Ал мынау – электрондық журнал, – деді жігіт екінші құжатты ашып.
– Оның ID-карточкасы бойынша кешкі сағат 19/30 шамасында интернаттан шыққан деп тіркелген.
– Абылай Әзімханұлы, бақылау нәтижесін баяндауға рұқсат етіңіз.
Киімдегі ДНҚ профилі күдікті азамат С.Танбасов референстік үлгісімен толық сәйкес келеді.
Кабинетке орынбасар Серік Танбасов кірген сәтте әдеттегідей тіл мен жағына сүйеніп сөйлеп кірді.
Оның сұрақтарын назарға ілмеген полковник:
Орынбасардың өңі сұрлана түсті.
– Мен… мен… бәлкім техникалық ақау болған шығар… – деді күмілжіп.
Абылай жымиып:
– Қызық екен. Ал саусақ ізіңіз дәл сол білезіктен табылды.
– Мен ештеңе істеген жоқпын! – деп орнынан қозғала жаздады ол.
Серік абдырап қалды. Тергеуші қас қаққанша оның ішкі әлемін аршып отырғандай еді.
– Мен… әкем үшін ғана алдым… – деді ақыры күбірлеп.
Серіктің көзіне жас үйірілді, ерні жыбырлады, бірақ ол ештеңе дей алмады.