12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi

Дамыған, зайырлы мемлекетте азаматтардың өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауы қалыпты үрдіс. Халықтың құқықтық сауатының өскенін бүгінгі сот жүктемесіне қарап та білуге болады. Өйткені, қазір дауды сот алаңында, заң шеңберінше шешуге ынталылар көп. Соның ішінде бүгінде моральдық зиянды өндіру мақсатында сотқа жүгінетіндер қатары артқан.

Заң тілімен айтар болсақ, моральдық зиян дегеніміз азаматтың өзіне тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарының заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің, олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабы. Жан азабы барысында адам түрлі қорлану, ызалану, қысым жасалу, ашулану, ұялу, түңілу, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б. қатысты сезiмді басынан кешірсе, тән азабы кезінде күш қолдану немесе денсаулығына зиян келуіне байланысты тәнi ауырады. Жан азабын тартып, тән азабын басынан кешірген азаматтардың моральдық зардапты өтетуге толық құқығы бар.

Өкінішке қарай, бүгінгідей ақпараттық заманда біреуге ойланбай жала жабу, қаралау азаймай тұр. Әлеуметтік желідегі белсенді халық тараған ақпараттың шындығына көз жеткізіп жатқан жоқ. Қоғамда шындықты өтіріктен, тазалықты жаладан ажырататын сүзгі болмай тұр. «Отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге тарайтынын» ескерсек, біреудің ойланбай, шындыққа көзін жеткізбей айта салған жел сөзінен адам орасан зор моральдық зиян шегеді. Жаладан адамның өзі ғана моральдық соққы алмайды, сонымен бірге, мұндай қаралаудың жақындарына, ата-анасына, отбасына, балаларына да тигізер зияны қомақты. Осындайда «Сөз құс емес, ұшқан соң қайта ұстай алмайсың» деген мәтел еріксіз еске түседі. Расында, ақпарат тез таралатындықтан, азаматтардың «жаптым жала, жақтым күйемен» айтылған пікірін өзгертуге көп уақыт, орасан зор еңбек керек. Себебі, азаматтар бірінші оқыған ақпаратын ғана қабылдайды. Оның ақ-қарасын ажыратып, екінші тараптың уәжін тыңдауға көпшілігі мән бермейді. Мұндай жағдайда азаматтардың сот арқылы қорғанып, моральдық зиянды өтетуден басқа амалы қалмайды.

Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізілетінін атап өткен жөн. Сотқа жүгінген әрбір талап қоюшы талап қоюда оның өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуының мән-жайларын көрсете отырып, нақты дәлелдемелерін келтіріп, моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз ететін өтемақы сомасын көрсетеді.

Азаматтық кодекстiң 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа кездерде талап қою мерзiмi қолданылмайды. Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi. Ал, осы моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығы, дәрежесі, өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың өмiрлiк маңызы, зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң түрі назарға алынады. Өз кезегінде сот өтемақы сомасын ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып анықтайды.

Э.Б.Ақбаев,

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...