Мопед жүргізушісінің қандай құжаттары болуы керек?

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек заңға сәйкес әрбір мопед тізгіндейтін жүргізушіде болуы керек құжаттар тізімін атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілі қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мопед иелерін жүргізуші куәлігін алуға және көлік құралдарын тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойғанын еске салды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасы санын азайтуға бағытталған.

Заңға сәйкес мопед жүргізушісінің мына құжаттары болуы шарт: 

  • А1 санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • Көлік құралы тіркелген болуы керек, сәйкесінше мемлекеттік нөмір;
  • Жүргізушілердің жауапкершілігі міндетті түрде сақтандырылуы керек.

Ал мопедті тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • Жеке басты куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда);
  • Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген КҚТК және МТНБ бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;
  • Егер бар болса, техникалық құжат немесе ашық көздерден алынған мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
  • Меншік иесінің өтініші;
  • Көлік құралын тексеру актісі.

Мопед рамасының нөмірі болмаған жағдайда, сәйкестендіру нөмірін тіркеуге дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді.

Айта кетейік, бұған дейін биыл Алматыда мопедтерге қатысты жол апатынан 14 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.