12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Министрлік құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты пікір білдірі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да нысан құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттері өзекті мәселе.

«Осыған байланысты ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендету және бағаның ауытқуын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашып, 157 инвестициялық жобаны іске асыру ұсынылды. Қазіргі уақытта өңірлердегі әкімдіктерімен, даму институттарымен және «Атамекен» ҰКП-мен келісе отырып құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді», — делінген хабарлмада.

Сонымен қатар, министрлік Samruk-Kazyna Construction АҚ-мен бірлесіп, импортты алмастыратын 35 жоба іріктеп алған.

«Жобаларды іске асыру сантехкерамика, жылу оқшаулағыш материалдар, бөлмелер арасындағы есіктер, ДСП, шыны, керамикалық плиткалар, еден жабындары және басқа да сұранысқа ие құрылыс материалдары санатындағы импорт үлесін төмендетуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан нысан құрылысының қымбаттауының алдын алу үшін қадамдар жасаған. Мәселен, құрылыс ресурстары құнының елеулі ауытқуына жедел ден қою мақсатында ведомство құрылыс материалдарының өзекті сметалық бағаларының жинақтары шығарылып жатыр. Бұл бюджеттік нысандардың аяқталмаған құрылыс көлемінің ұлғайып кету тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылғаны айтылды. 84 жағдай бойынша құрылыс жұмыстары жобалардың қымбаттауына байланысты тоқтап қалғаны анықталды.

«Құрылыс саласын тұрақты мониторингілеу нысандарды қаржыландыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жүйесіз іс-қимылы осындай қымбаттаудың бірден бір себебі саналатынын көрсетеді. Бір нысанды аяқтамай, олар тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруға кіріседі және осы қаражат шегінде құрылыстың аяқталу мерзімін ұзартады. Бұл мердігерлердің өз міндеттемесін толықтай орындамай, құрылыс жұмыстарының тоқтауына әкеп соғады. Былтыр құрылыс ресурстары құнының өсуіне байланысты өңірлердің әкімдіктері 641 жоба бойынша құрылыс құнын түзету бойынша өтініш білдірген», — деді ведомство өкілдері.

Осыған байланысты ИИДМ Қаржы министрлігіне қаржыландыру мерзімдерін орындау бөлігінде жауапкершілік шараларын қатаңдатуды, сондай-ақ жобаларды түзетуді жеңілдету бөлігінде мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауды ұсынған.

Қабылданып жатқан шаралар елдегі тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысының қарқынын төмендетпеуге мүмкіндік береді.

2022 жылы 15,1 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. 2022 жылдың 2 айында 1,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13 өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы байқалады. Ең жоғары өсім байқалатын өңірлер: Павлодар (191,1 пайыз), Солтүстік Қазақстан (146,3 пайыз), Түркістан (139,5 пайыз), Алматы (125,2 пайыз) және Ақмола (113,8 пайыз) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласы (110,5 пайыз). 2022 жылы тұрғын үй құрылысы саласына 2,4 триллион теңге инвестициялар тарту жоспарланып отыр.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...