Министр үш тілді оқытуға қатысты өзгеріс қыркүйектен бастап енгізілетінін мәлімдеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл жаңа оқу жылынан бастап ағылшын тілі тек үшінші сыныптан бастап оқытылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін министр ағылшын тілін 1-сыныптан емес, 3-сыныптап бастап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. 

«Біз биыл бірінші қыркүйектен, яғни жаңа оқу жылынан бастап осы өзгерісті енгізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірінші сыныпта оқушылар өз ана тілін меңгеріп алуы керек. Қазақ тілінде оқып-жазуға дағдыланғаннан кейін, 2-сыныпта орыс тілін үйрену әлдеқайда жеңіл болады. Ал үшінші сыныпта ағылшын тілін оқу да жеңілдейді», – деді Аймағамбетов үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 1-сыныпқа келген 6 жасар бүлдіршін үш тілді қатар алып жүруге тиіс. Яғни үш бірдей әліппесі бар деген сөз.

«Бізде ұйғыр және тағы басқа ұлттық мектептер бар екенін білесіздер. Ол мектептерде тіпті төрт тіл оқитын. Біз алдыңғы жылы осы мектептер үшін бір тілді азайттық. Енді биылдан бастап қазақ тілінде оқитын балалар үшін де дәл осындай өзгеріс енгізіліп жатыр. Яғни ең басты міндет ана тілін игеріп алу», – деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ министр ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап оқыту әдістемеге байланысты байланысты екенін айтты. Аймағамбетов бұл шешімнен басқа астар іздемеуге шақырды. Шешім арнайы ғылыми негіздеме негізінде қабылданған.

Ол оқулықтарды биыл жаңартудың ешқандай қиындығы да қажеттілігі де жоқ екенін мәлімдеді.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?