Министр Әлназарова жедел жәрдем қызметіне қатысты өзгерісті түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем жұмысы қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды. Министр жобада тұрғындарға тәулік бойы көрсетілетін жедел жәрдем қызметін шектеу туралы норма жоғын айтты.

«Халық үшін жедел жәрдем 24/7 режимінде 103 нөмірі бойынша қолжетімді болып қала беретінін айта кеткен жөн. Өзгерістер шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыру мақсатында емханалардың қасынан құрылатын бригадаларға қатысты. Мобильдік бригадалардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, балаларға медициналық көмек қажет болған жағдайда, педиатр, ал ересек тұрғындарға – бейінді мамандар (кардиолог, невропатолог және т.б.) барады», – делінген жазбада.

Министрдің айтуынша, бұған дейін бір бригада 35 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа қағида бойынша 25 мың адамды қамтылады. 

«Мобильдік бригаданың жұмысы емхана ұйымдарының жұмыс уақытымен үйлестірілетін болады. Сағат 20:00-ден кейін және демалыс күндері-шақыртуларға қызмет көрсетуді жедел жәрдем бригадалары жүргізеді. Бұл норма жедел жәрдем қызметін ұзақ күтудің төмендеуіне ықпал етеді және тұрғындарға 103 нөмірі бойынша жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ», – дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін елімізде жедел жәрдем қызметі 4-санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы ықтимал екені белгілі болған еді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...