spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілде сөйлеу міндет

Қоғамымыздың барлық саласында тек қана қазақ тілі қолданылмайынша,  мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарыламайды. Бұл мемлекеттік тұрғыдаға мәселе, сондықтан, бұған жалпы халық болып атсалысу керек. Оның ең бірінші шарты қазақстандықтар бір-бірімен жаппай қазақ тілінде сөйлесуге міндетті. Себебі, Конституция бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Яғни, Ата Заңда  ешқандай да орыс немесе ағылшын тілі деп жазылмаған. Барлық мемлекет өздерінің тілінде сөйлейді, біз де солардай болуға  тиіспіз.

Соған орай, сот жүйесінде мемлекеттік тілге барлық уақытта басымдық берілген. Құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сала қызметкерлері қазақ тілін біледі. Жүйедегі тілге қатысты басты мәселе ол сотта қаралатын істердің басым көпшілігінің орыс тілінде болуы. Бұл мәселе тікелей заңға қатысты болып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талабына сәйкес, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.

Сотқа жүгінушілер көбіне осыған сүйеніп, талап арызды ресми тілде жазады. Бұл дұрыс емес, азаматтар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге барлық уақытта мүдделілік танытуы тиіс. Әсіресе, адвокаттар, құзырлы органдар тарапынан қазақ тіліне басымдық берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Тіл туралы» заңда: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі», деп көрсетілуі бекер емес.  Біз осы заңдылықты қатаң ұстанғанда ғана мемлекеттік тілдің мәртебесі артады.

Мемлекеттің тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны жоғары деңгейде  дамыту мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Осы ретте мемлекеттік бағдарламалар, түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Десек те, қазақ тілінің тағдыры ел азаматтарының отаншылдық сезіміне тікелей байланысты екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.  Мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары болмайынша жағдай түзелмейтінін түсінетін кез жетті. Мем­лекеттік қызмет­шілер мем­­лекеттік тілде жетік сөйлеп, қыз­мет көрсетсе, қоғамда да қазақ тіліне деген құрмет пен қажеттілік артады.

Қазақ тілі өте бай. Бір сөздің өзінде бірнеше баламасы бар көркем тіл. Осы себепті, оны үйрену қиынға соқпайды. Негізінен мемлекеттік тілді одан әрі өркендетуге әркім өз үлесін қосуы керек. Өркендету деген қандай да бір жаңалық ашу емес, барды пайдаланып, мемлекеттік тіліңнің бар екенін өзгелерге таныту.

Индира Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...