12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатады, өйткені оның тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылады. АПК-нің 30-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін. АПК-нің 31-бабында айрықша соттылық негіздері қамтылған.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген мемлекеттік сатып алуды реттеу саласындағы Заңның маңызды жаңалығы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырудың жаңа тәртібін белгілейтін норма болып табылады.

Мәселен, Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес 12-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың, атап айтқанда оларды жеңімпаз деп танығаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған өнім берушілердің тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімінің негізінде қалыптастырылады.

Заңның 12-бабы 4-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. Заңның 44-бабының 1-тармағында егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты ұсынбаған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) соманы енгізбеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылатыны көзделген.

Осылайша жеңімпаздар деп айқындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер уәкілетті органның шешімі негізінде тізілімге енгізіледі. Сонымен бірге практикада тапсырыс беруші Заңның 12-бабының 5-тармағын бұза отырып, талап қою ведомстволығына жатпаса да, өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде енгізбеуіне байланысты оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін талап қойып сотқа жүгінетін жағдайлар кездеседі.

Шарт жасасудан жалтарған кезде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу сот шешімінің негізінде емес (сотқа ведомстволық бағынысты емес ретінде) уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізілетінін түсіндіріп, мұндай талап қою арыздары қабылдау сатысында АПК-нің 151-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бас тартуға жататынына соттардың назарын аудару қажет.

Бұл ретте соттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттелетін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың негізінде туындайтын дауларды сатып алу жалпы негіздерде жүзеге асырылған даулардан ажыратқаны жөн.

Е.В. Еганова, Ұлытау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...

Этикалық нормаларды сақтау міндет

Мемлекетіміздің болашағы соттардың әділдігімен  тығыз байланысты. Сондықтан, әділ сот...