12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік сатып алу қағидалары қандай?

Тәуелсіздік жылдары қазақстандық сот төрелігі заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамдағы тұрақтылықтың сенімді кепілі болды. Азаматтардың құқығын сот арқылы қорғау деңгейі халықаралық озық стандарттарға барынша жақын бола түсті. Әсіресе, сот жүйесінде бизнес субъектілерінің, инвес­торлардың құқығын қорғау және олардың тиімді қызмет атқаруына оңтайлы жағдай жасау ерекше назарға алынды. Елде сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау үшін барынша жағымды жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Азаматтық процестік заңнамалар кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайларды жақсартуға бағытталған жаңашылдықтармен толықтырылуда.
Бүгінде экономикалық соттарда кәсіпкерлер арасында мемлекеттік сатып алуға байланысты істердің көпшілігі қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туындайтын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушыларға қатысты қаралуда. Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануына қатысты ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы бар. Ол мемлекеттік сатып алу туралы дауларды қарау кезінде сот тәжірибесінде туындаған мәселелерге байланысты заңнаманы дұрыс әрі біркелкі қолдану мүмкіндігін қарастырады.
Азаматтық кодекстің 386-бабының талабына сай шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бұған жиынтығында мынадай шарттарды:
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы шарттарын қанағаттандыратын жағдайлар қосылмайды.
Сотта Азаматтық процестік кодекске сай, әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеу­ге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс. Сотта өнім берушінің кінәсі азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі және тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдар ретінде назарға алынуы қажет.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиыр­ма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Сондай-ақ, өнім беруші міндеттерін орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда немесе міндеттемелерін толық орындамаса, мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының белгілі бір мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттенеді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының сомасы шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауы тиіс.
Ел үкіметі мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік пен тең мүмкіндіктер беру мақсатында мемлекеттік сатып алу қағидаларын бекітті. Ашық өтетін мемлекеттік сатып алу процесі жа­уапкершілік пен сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесуді арттырды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі мол.

Гауһар Метеркулова,
Маңғыстау облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...