12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік баж төлеу шарттары

Сот шығыстары іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады. Мемлекеттік баж мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ, оны төлеуден босату негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінде айқындалады. Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлем құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминалдар, қашықтықтан байланысу және «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төлеген кезде қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық түрде чектермен және түбіртектермен расталуға тиіс.
Талап қою бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген баға ізделінетін мүліктің нақты құнының бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын судья айқындайды. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу – талап қою берілген кезде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда судья мемлекеттік баж мөлшерін істі сот талқылауына дайындау сатысында алдын ала анықтайды, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі. Сот толық төленбеген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу туралы істі қарау және шешу кезінде талап қою бағасын анықтаған жағдайда, толық төленуге жататын мемлекеттік баж мөлшері сот шешімінде көрсетіледі. Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баждың төленгені туралы дәлелдеме ұсынғаннан кейін жалғастырылады. Мемлекеттік баждың төленгендігі туралы құжат ұсынылмаған жағдайда іс бұл туралы соттың шешімінде көрсетіле отырып, бастапқы мәлімделген талаптар шегінде қаралады және шешіледі. Талап қою талаптарын ұлғайту туралы арыз қаралмай, талап қоюшыға кері қайтарылады. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу мәселесі бойынша, соттың түйіндерімен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін. Егер бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда тараптар арасында татуластыру рәсімі шеңберінде жасалған келісімдердің шарттарында талап қою талаптарының мөлшері ұлғайтылса не даудың нысанасы өзгертілсе, мемлекеттік бажды қосымша төлеу жүргізілмейді. Сот шығыстарын бөлу осы кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік баж төлеуден босату немесе төлеуді кейінге қалдыру – талап қоюшыны сотқа берілетін талап қою бойынша мемлекеттік баж төлеуден босату «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Осы кодекстің 54, 55-баптарында көрсетілген тұлғалар өздері берген талап қоюдан бас тартқан жағдайда, өзінің мүддесінде осы талап қойған талап қоюшы, егер ол талап қоюды қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, сот белгілеген мерзімде мемлекеттік бажды жалпы тәртіппен төлеуге міндетті. Мұндай жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап қою қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы азамат берген талап қоюлар бойынша сот мемлекеттік баж төлеуді тиісті шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін. Шешім қабылданған кезде сот мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім пайдасына шығарылмаған тарапқа артады. Сот шығыстарын та­раптардың арасында бөлу сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарап­қа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып бе­реді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің наразылық немесе сотқа дейінге өзге де тәртібін бұзуы, оның ішінде наразылыққа жауап беру мерзімін бұзуы, наразылықты жауапсыз қалдыруы, сондай-ақ, заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібін бұзуы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нәтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді.  Сот, процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелер сот белгілеген мерзімді және дәлелдемелерді дәлелді себептерсіз ұсынудың осы кодексте белгіленген тәртібін бұза отырып ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға және заңды әрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге әкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы. Егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, олар тарап тиісті сот сатыларында жұмсаған шығыстары туралы дәлелдемелерді ұсынған кезінде тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді. Бірінші сатыдағы сот тараптың арызы бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында жұмсаған сот шығыстарын, егер өтінішхат сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланса, бірақ сот шығындары ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеру қажеттігіне байланысты өндіріп алынбаған және бұл туралы тиісті сот сатысындағы соттың қаулысында көрсетілсе, өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады. Сот шығындарын өндіріп алу туралы арыз тараптарды хабарландыра отырып, соттың сот отырысында қарауына жатады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Арыз соңғы сот актісінің қабылдануымен істі мәні бо­йынша қарау аяқталған соңғы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін. Сот актісінің көшірмесін сот ол заңды күшіне енген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (азаматтың) тіркелу орны немесе көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарына сот өтем жасаған (заңды тұлғаның) сот өкілінің орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

Дина Тойжанова,
Сайрам аудандық сотының судьясы
Түркістан облысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...