12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекет басшысы Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?

Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айда Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

Құрметті достар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке...

Қазақстанда мәжбүрлі неке қию әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы 11 жылда ең төмен деңгейге түсті

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады.

Құрғақшылық қаупі: Қазақстанның қай аймақтарында жағдай күрделі?

Құрғақшылық Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында байқалуы мүмкін.