12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекет басшысы: Президент — халықтың жеті жылға жалдаған менеджері

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында cөз сөйледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің пікірінше, кейінгі бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар жүргізілген.

«Біздің мақсатымыз айқын – барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру. Экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс. Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды», — деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев суперпрезиденттік жүйеден бас тартқанымызды еске салды.

«Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық. Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін. Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады. Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері», — деді Мемлекет басшысы.

Израиль мен Сирия атысты тоқтату туралы келісімге келді

Израиль мен Сирия атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жазды жұма күні АҚШ-тың Түркиядағы өкілі Том Барак X әлеуметтік желісінде.

К 180-летнему юбилею Абая

В СЕМЕЕ РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ, РАЗВИТИЯ ЯЗЫКОВ И АРХИВНОГО ДЕЛА ОБЛАСТИ АБАЙ ЖАНЖИГИТ ОМАРХАН, АКИМ АБАЙСКОГО РАЙОНА МЕЙИРЖАН СМАГУЛОВ И ИСПОЛНЯЮЩИЙ ОБЯЗАННОСТИ АКИМА ГОРОДА БЕКЖАН БАПЫШЕВ ПРЕДСТАВИЛИ ПРОГРАММУ ДЕСЯТИДНЕВНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ ПРАЗДНОВАНИЯ 180-ЛЕТИЯ ВЕЛИКОГО КЛАССИКА КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЫ АБАЯ КУНАНБАЕВА.

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада сот экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шығарды. Ол...

Халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай қайтыс болды

Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған, көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында сұлу сазды әндері, қазақ поэзиясының қоржынына мұра болған өлеңдері және өз оқырманын тапқан пьесалары қалды.