Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

«Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл – өте маңызды, күрделі, ерекше жұмыс. Әрбір адамның қолынан келмейді. Мен бүгін бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары мемлекетімізде ауқымды өзгерістер жасалып, маңызды бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Осыдан 3 жыл бұрын жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызды жаңғырттық. Мемлекеттің бүкіл саяси жүйесін өзгертетін тарихи қадамдар жасадық. Елімізде «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Өкілді биліктің құзыреті күшейді, атқарушы биліктің жауапкершілігі артты. Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылды. Ауыл және аудан әкімдері тікелей сайлана бастады. Билікке саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Азаматтарымыз мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдау ісіне белсене араласатын болды. Қоғамда пікір алуандығы орнықты, яғни өз ойын заңға сәйкес айта алатын, көкірегі ояу, өркениетті қоғам орнығып келеді. Халқымыздың мүлде жаңа саяси болмысы қалыптасты. Заң мен тәртіп тұжырымдамасы қоғамымыздың сана-сезімінің ажырамас бөлігіне айналып жатыр», – деді Мемлекет басшысы. 

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.