12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.

Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты.

Жиын соңында Жоғарғы Бас қолбасшы мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы Күштердің міндеті екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген мектеп мұғалімін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады.

Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын жұмысқа алды.

Мектеп пәндері біріге ме? Министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұрын жоспарланған пәндерді біріктіру мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз сақталады, ал оңтүстікте жауын-шашын күтілуде.

В реформе – новая архитектура власти

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ РАССМОТРЕЛА ПАКЕТ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ПО ОБНОВЛЕНИЮ ОСНОВНОГО ЗАКОНА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН. ОБСУЖДАЛИСЬ ИЗМЕНЕНИЯ, КАСАЮЩИЕСЯ ФОРМИРОВАНИЯ ОДНОПАЛАТНОГО ПАРЛАМЕНТА КУРУЛТАЯ, ПОЛНОМОЧИЙ ПРЕЗИДЕНТА, РАБОТЫ СУДОВ И МЕХАНИЗМОВ ПРАВОЗАЩИТЫ, А ТАКЖЕ СОЗДАНИЕ НОВОГО КОНСУЛЬТАТИВНОГО ОРГАНА - НАРОДНОГО СОВЕТА.