Мемлекет басшылары Тоқаев пен қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдаған.

«Соңғы жылдары біздің батыл саяси ерік-жігеріміздің арқасында халықтарымыз арасындағы сан ғасырлық тығыз достық пен тату көршілік байланыстар мүлде жаңа одақтастық деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді», – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Құрбан айт адамдардың бойындағы мейірімділік, рақымшылық, төзімділік пен қайырымдылық секілді асыл қасиеттерді жан-жақты танытатын ерекше мейрам екенін айтқан.

«Бұл мереке бауырлас халықтарымызға бейбітшілік сыйлап, бақ-береке дарытып, қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен өзара тиімді ынтымақтастығының белсенді дамуына ықпал ете беретініне сенімдімін», – деп жазылған құттықтауда.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Осы мерекенің ізгілік, толеранттылық, қайырымдылық және өзара қолдау сияқты рухани негізі алдағы уақытта да мемлекеттеріміздің және халықтарымыздың арасындағы достықты, екіжақты тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік негіз қалайтынына сенемін», – делінген тәжік көшбасшысының құттықтауында.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысына зор денсаулық, мол бақыт, ал бауырлас қазақ халқына құт-береке тіледі.

Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сиси, Иордания Королі II Абдалла, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум және тағы басқалар жолдады.

Құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.