Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей алмайды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының білім басқармасы мектеп формасына қатысты талаптарды тағы бір мәрте еске салып, білім беру ұйымдарының ата-аналардан мектеп формасын белгілі бір өндірушіден, брендтен, тігін шеберханасынан немесе дүкеннен сатып алуды талап етуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, мектеп формасына қойылатын талаптар салалық министрліктің тиісті бұйрығымен реттеледі.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, мектеп әкімшілігі бірыңғай стильді, түсті және оқушылардың сыртқы келбетіне қатысты жалпы талаптарды ғана белгілей алады. Алайда ата-аналарды мектеп формасын нақты бір сатушыдан немесе белгілі бір дүкеннен сатып алуға міндеттеуге заңмен жол берілмейді.

Сондай-ақ білім басқармасы мектеп формасына қатысты кез келген шешім ашық қабылдануы тиіс екенін атап өтті.

Оған сәйкес, білім беру ұйымдарының басшылары мектеп формасына қатысты мәселелерді ата-аналар қауымдастығының қатысуымен және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып қарастыруы қажет.

Ведомствоның хабарлауынша, мектеп формасын сатып алуға байланысты заң талаптарының бұзылғаны туралы өтініштер келіп түскен жағдайда тиісті тексеру жүргізіледі.

Егер тексеру нәтижесінде заң бұзушылық фактілері расталса, жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылады.

Осыған байланысты Алматы облысының білім басқармасы ата-аналарды өз құқықтарын білуге шақырды. Егер мектеп әкімшілігі мектеп формасын тек белгілі бір өндірушіден, дүкеннен немесе тігін шеберханасынан сатып алуды талап етсе немесе ата-аналардың өзге де құқықтары бұзылса, олар Алматы облысының білім басқармасына немесе аудандық білім бөлімдеріне жүгіне алады.

Ведомство әрбір өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын және көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін министр оқушылардың бағалау жүйесі қайта қаралатынын хабарлады. 

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.