Маусымда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маусымда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1° жоғары болады деп күтіледі.

«Маусымда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Атырау, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанған.

Маусымда атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі», — делінген хабарламада.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

  • еліміздің солтүстігінде, орталығында түнде +2+10°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +13+20°С-тан +22+30°С-қа дейін;
  • шығыста түнде +2+7°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +13+18°С-тан +23+30°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +22+30°С-тан +25+37°С-қа дейін.

Батыс және оңтүстік аймақтарда температураның негізгі фоны болжанады:

  • елдің батысында, солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) түнде +15+25°С, күндіз +25+38°С;
  • оңтүстік-батыста түнде +20+28°С, күндіз +30+39°С;
  • оңтүстік өңірлерде түнде +12+17°С, күндіз +27+38°С;

Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстықтың бәсендеуі күтіледі. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқуы болжанған.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.

Рамазан-2026: Айт намазының кестесі жарияланды 

ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады.

Мұнай 120 долларға қымбаттаса, Қазақстан қанша табады? – Ұлттық банк жауап берді 

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына, әсіресе Ұлттық қорға түсетін түсімдерге тікелей әсер ететіні белгілі.

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 

Үкімет жаңа Конституция негізінде аумақтық басқару жүйесін реформалауға кірісті.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.