Марқұм Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартады

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартады. Бұл туралы журналистерге оның адвокаты Мұрат Мәуметов айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Біз бас тарттық. Өтінішхат әлі ұсынылған жоқ, бірақ оны тапсырғалы жатырмыз. Әділет Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартады», — деді оның өкілі.

Әділет Зейнелдің өзі журналистерге қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан.

Мән-жайы

Еске салайық, 2025 жылы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіш қаптама мен кондиционер бекіткіші құлаған болатын. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті.

23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан бригада құрамында оқиға орнына келген. Туыстарының айтуынша, қыз алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге көмекке ұмтылған. Дәл осы сәтте оның үстіне «кірпіш қаптамасы мен кондиционер бекіткіші» құлаған.

Ауыр жарақат алған Ұлдана Мырзуан ауруханаға жатқызылды. Ол он күн бойы жансақтау бөлімінде өте ауыр хәлде жатты, алайда 2025 жылы 18 қарашада көз жұмды.

18 тамызда осы іс бойынша сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында қайғылы жағдай болған үйдің МИБ (мүлік иелері бірлестігі) төрағасы отыр.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы («Міндеттерге адал қарамау») бойынша қаралып жатыр.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...