Мамырдан бастап мобилдік бригадалар жұмысы өзгереді

Денсаулық сақтау министрлігі мамырдан бастап мобилдік бригадалар жұмысы өзгеретінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел жәрдем ұзақ келетіні туралы шағымдарға байланысты және шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанындағы, жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізді. Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер 1 мамырдан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

«Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық көмекті қажет ететін жағдайларға қатысты», — деп жазылған хабарламада.

Не өзгереді?

1 мамырдан бастап мынадай өзгеріс болады:

  • емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында, яғни 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталады;
  • 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуға, соның ішінде 4-санатқа бұрынғыдай жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Статистика жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жататынын және созылмалы ауру өршуіне байланысты екенін көрсеткен.

«Жедел жәрдемді шақырту механизмі өзгеріссіз қалады, 103 нөмірін теру арқылы азаматтар тәуліктің кез келген уақытында шұғыл медициналық көмекке қоңырау шала алады. Науқастың өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайларда жедел жәрдем бригадасы аптаның күні мен тәулік уақытына қарамастан келеді. МСАК мобилдік бригадасының шақыртуға келу уақыты 60 минутқа дейін, барынша шұғыл санат үшін мынадай нормативтер: 10 минут бірінші, 15 минут екінші; 30 минут үшінші санаттағы шақыртулар үшін көзделген», — деп жазылған хабарламада.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.