Мамырдағы демалыс күндері ауыстырыла ма?

Көктемнің соңғы айы қазақстандықтарды көп демалысымен қуантады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамырда қандай мерекелер бар?

Мамырда Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:

  • 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (бейсенбі);
  • 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі);
  • 9 мамыр — Жеңіс күні (жұма).

Бұл мерекелер жұмыс күндеріне сәйкес келеді, яғни қалыпты демалыс күндеріне тағы бірнеше демалыс күн қосылады.

2025 жылғы 1 мамырда қалай демаламыз?

Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 

  • 28, 29, 30 сәуір — жұмыс күндері;
  • 1 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
  • 2 мамыр (жұма) — жұмыс күні;
  • 3 және 4 мамыр — демалыс (сенбі және жексенбі).

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 28, 29, 30 сәуір — жұмыс күндері;
  • 1 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
  • 2 және 3 мамыр — жұмыс күндері;
  • 4 мамыр — демалыс.

2025 жылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз?

Аптаның ортасында Отан қорғаушылар күні, ал соңында Жеңіс күні атап өтіледі.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 

  • 5 және 6 мамыр — жұмыс күндері;
  • 7 мамыр (сәрсенбі) — демалыс;
  • 8 мамыр (бейсенбі) — жұмыс күні;
  • 9 мамыр (жұма) — демалыс;
  • 10 және 11 мамыр — демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 5 және 6 мамыр — жұмыс күндері;
  • 7 мамыр (сәрсенбі) — демалыс;
  • 8 мамыр — жұмыс күні;
  • 9 мамыр (жұма) — демалыс;
  • 10 мамыр (сенбі) — жұмыс күні;
  • 11 мамыр (жексенбі) — демалыс.

Демалыс күндері ауыстырыла ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған, соның ішінде 11 мамырды 8 мамырға ауыстыру да жоспарланбаған.

Мамырда қанша күн демаламыз?

Бес күндік жұмыс аптасындағылар мамырда мереке күндерін қосқанда 12 күн демалады. Қазақстандықтар осы айда 19 күн жұмыс істейді.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 8 күн демалыс алады. Олар үшін 23 жұмыс күні болады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.