12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мамандық — болашаққа бастар жол» атты ашық есік күні

№79 мекемесі жанындағы колледжде «Мамандық — болашаққа бастар жол» атты ашық есік күніне арналған шарамыз сәтті өткізілді. Шараның басты мақсаты – талапкерлерге колледжде оқытылатын мамандықтар жайлы жан-жақты мағлұмат беру, әр мамандықтың маңызын көрсету, кәсіби бағдар беру арқылы студенттердің бейімділігі мен қызығушылығына сай дұрыс бағыт-бағдар ұсыну, жаңадан ашылуға жоспарланған мамандықтар туралы ақпарат беру, колледж өмірімен, шығармашылықпен, тәжірибемен таныстыру. Іс-шара аясында талапкерлер колледждің материалдық — техникалық базасымен танысып, арнайы пән оқытушыларымен және өндірістік оқыту шеберлерімен ашық әрі еркін түрде әңгімелесті. Әр мамандық бойынша арнайы стендтер, шеберлік сағаттары және тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Ашық есік күніне келушілер келесі мамандықтармен танысты:
• Кондитер – тәттімен келетін шеберлік;
• Аспаз (повар) – дәмнен басталған жол;
• Тігінші – ине мен жіп — өнер мен еңбек;
• Шаштараз – сұлулықтың сиқыршысы;
• Нан пісіруші (пекарь) – нан – береке бастауы;
• Әкімші (администратор) – қызмет көрсету – мәдениеттің айнасы;
• Дизайнер – матаға жан бітірген қол;
• Визажист – сұлулық әлемінің маманы;
Тәжірбиелік шеберлік сабақтары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Талапкерлер өз қолдарымен кекстер безендіріп, бәліштерді жасау техникасын үйреніп, соңғы үлгідегі шаш үлгілерімен таныс болды. Колледж ұжымы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, болашақ талапкерлерге кәсіби білім алудың тиімді жолдарын көрсетті. Бұл Ашық есік күні – тек таныстыру емес, таңдау алдындағы маңызды шешімге ықпал ететін сәт болды.

Проведена религиозная лекция для осуждённых

В мае текущего года в учреждении №3, подведомственном Департаменту...

Қоныс колонясындағы сотталғандармен діни дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне...

Осуждённые официально зарегистрировали брак

28 мая текущего года в учреждении №3 произошёл необычный...