Мәжіліс спикері Парламентаралық Одақ Ассамблеясында сөз сөйледі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясының кезекті отырысына қатысу үшін Женеваға барды.

Мәжіліс спикері өз сөзін жуырда Мәскеу облысында болған террорлық шабуылға байланысты Ресей халқына көңіл айтудан бастады.

Е.Қошанов ПАО Ассамблеясында сөйлеген сөзінде «Парламенттік дипломатия: бейбітшілік пен өзара түсіністік жолында байланыс орнату» тақырыбының өзекті екенін айтты.

«Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан орнықты дамуға және бүкіл адамзаттың үйлесімді болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар айқын дәлел. Қазіргі кезде демократиялық ел, әділетті Қазақстан құру үшін барлық жағдай жасалған. Бұл – бейбітшілік пен өркендеудің кепілі. Қазақстан Парламенті бұл жұмысқа белсене атсалысуда. Бұдан бөлек, еліміздің ядролық, химиялық және биологиялық қаруға қарсы бастамаларын, тұрақты түрде өткізіліп келетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін ерекше атап өтуге болады», – деді Е.Қошанов.

Мәжіліс төрағасы БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге әлем парламенттерінің қатысуының маңыздылығына назар аударып, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ Орнықты даму жөніндегі Өңірлік орталығын құру бағытындағы жоспар туралы айтты.

«Депутаттар халықаралық жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу үшін парламенттік дипломатия тетіктерін қолдану маңызды екенін құптайды. Жақында біз Парламентте Қазақстанның бітімгершілік контингентін Голан асуларына жіберу жөніндегі шешімді мақұлдадық. Бұл–БҰҰ мандаты бойынша бітімгерлеріміздің алғашқы дербес миссиясы. Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қосқан үлесі деп білеміз», – деді Е.Қошанов.

Іс шара аясында Е.Қошанов Парламентаралық Одақтың төрайымы Т.А́ксонмен кездесті.

«Саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарға жәрдемдесу үшін парламенттік дипломатия әлеуетін пайдалану еліміздің Сыртқы саясат тұжырымдамасы басымдығының бірі. Еліміз жаһандық және өңірлік деңгейде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етуде белсенді позиция ұстанады және оған үлес қосуда», – деді Е.Қошанов.

ПАО басшысы климаттың өзгеруі, демократия, адам құқықтары, бейбітшілік, қауіпсіздік, гендерлік теңдік, жастар белсенділігі мен орнықты даму бағыты бойынша ПАО құрамындағы қазақстандық депутаттардың нәтижелі жұмысын атап өтті.

Одан әрі Е.Қошанов Египет Өкілдер Палатасының спикері Х.Джебали мен Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының төрағасы С.Садикпен кездесті.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Жаслан Жұмабеков.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.