Мәжіліс шетелге ақша шығарғандарға қатысты заң жобасын қабылдады

Мәжіліс шетелге ақша шығарғандарға қатысты арнайы заңды мақұлдап, Сенатқа жолданды. Егер бұл заң қабылданса оффшорға ақша салып жүргендердің жолы кесіледі. Ал депатута Азат Перуашевтің сөзінше, шетелге кеткен ақшаны қайтаруға болады. Тек бұған құзырлы органдар күш салуы қажет, жеп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

15 маусымда депутаттар 2-ші оқылымда мақұлдаған заң жобасы бойынша арнайы жұмыс тобы 5 отырыс өткізсе, қаржы және бюджет комитеті 3 кеңейтілген отырыс өткізіпті. Бірқатар өзгерістер енгізіп, түзеп әкелген заңды Сенат қабылдаса, сыртқа заңсыз қаржы шығаратындардың жолы кесіледі. Ал шетел асқан ақшалар елге қайтарылады дейді депутаттар. 

Соңғы жылдары Ақ жол партиясы офшорға кеткен миллиардтарды елге қайтару туралы жиі айтып жүр. Азат Перуашевтің дерегіне сүйенсек, 167 млрд доллар сыртқа кеткен. Енді Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы қаражаттың заңсыз шетелге шығарылуына жол бермейді деп отыр депутаттар. 

«Халықаралық тәжірибе бар. Мысалы, Швейцариядан Малайзияның бұрынғы премьер-министрінің ақшасы қайтарылды. Алысқа бармайық, Гүлнара Каримованың ақшасы Швейцариядан қайтарылды. Құқық қорғау органдарымыз нақты кіріссе, бұндай мүмкіндік бар деп санаймын», – деді Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев. 

Ал бұған дейін шетке кеткен қыруар қаржыны қайтару үшін Президенттің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған болатын. Мәжіліс төрағасы сол комиссия жұмысынан үмітті. Алайда бұл қаражатты қайтару оңай болмайды дейді. 

«Комиссияның жұмысын күту керек. Шетелге кеткен ақшаны қайтару оңай жұмыс емес. Себебі оның заңсыз кеткенін бірінші дәлелдеу қажет. Тек біздің мемлекетте дәлелдемеу керек. Сол елдің экономикасына жұмыс істеп жатқаны, сол елдің заңымен де дәлелдеу керек», – деді Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс спикері қаржыны елден заңсыз шығарғандардың лауазымына да, кімнің туысы екеніне де қарамаймыз дейді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.