Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасынан құрылған еріктілер мүмкіндігі шектеулі жанның үй тірлігіне көмектесті.
«Қайрымдылық жасасаң қайырың өзің көресің» деген ұстанымды ұстанған Төлеби аудандық пробация қызметі мүмкіндігі шектеулі жанның үй шаруашылығына көмектесіп келеді. Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығы мен бес сотталған азамат өз еркімен мүмкіндігі шектеулі жанның үй шаруасына көмектесіп, отынын жарып, жерін қоқыстан тазалап берді.
«Қыстың қамын жазда ойлағанның зияны жоқ» демекші қысқы отынды отап алуға жалғызбасты қарт кісінің денсаулығы жарамайды. Қарт кісінің жағдайын түсінген пробация қызметі оған қолдау көрсету мақсатында ерікті сотталғандармен бірлесіп, материалдық тұрғыда қолдау білдірді. Қысты күні ошаққа жағатын отынын жарып, үйдің ауласын тазартып, арам шөптерін отап, үй шаруасына қолқабыс етті. Біздің пробация қызметтінің есебінде тұратын сотталғандармен ауданда тұратын жағдайы төмен, жалғыз басты, мүгедек жандардың үй шаруасына қолқабыс етіп тұрамыцз. Бұл кісінің үй шаруашылығына көмектесетін балалары болмағандықтан пробация есебінде тұрған ерікті сотталған азаматтарды ертіп барып көмектестік.
Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз еріктерімен барып, ол кісіге көмектесті. Аталған қайырымдылық іс-шарасына пробация есебінде тұрған азаматтарды тартудағы мақсатымыз — оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру. Жалпы көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созу ізгі істің үлгісі деп білеміз, — дейді Төлеби аудандық пробация қызметінің инспекторы Дәурен Смайлов.
Қиналған кезінде қамқорлыққа бөлеген қарт кісі пробация қызметі мен ерікті сотталған азаматтарға ризашылығын білдірді.
Бұл үй менің бақытты күндерімнің естелігі. Қазіргі таңда. үйдің ауыр жұмысын жасауға менің денсаулығым жарамайды. Менің мүгедектігіме алатын жәрдемақым коммуналдық қызметтер мен дәрі-дәрмекке ғана жетеді. Күнделікті азық- түлік пен киім-кешекке ауыспайды. Осыны ескеріп, үнемі материалдық көмек көрсетіп жүрген Түркістан қалалық пробация қызметіне алғысымды айтамын, — деді қарт кісі.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы