12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұлыбритания СІМ басшысы Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы мүмкін жаңа мерзімді атады

Ресей келесі аптада Украинаға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиза Трасстың сөзіне сілтеме жасап жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Ең нашар сценарий келесі аптада болуы мүмкін. Шындығында, Ресей уақытты кері қайтаруға тырысып жатыр», — дейді ол.

Трасстың айтуынша, Еуропа 20-ғасырдың басынан бері қауіпсіздікке төнген ең күрделі қатерімен бетпе-бет келіп отыр.

«Ресей дипломатиялық реттеу мүмкіндігін байыппен қабылдамайды деп қорқамын», — деді ол.

Ақпанның соңында ДХР мен ЛХР басшылығы Украинаға басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына уақытша эвакуациялау туралы хабарлады. Ең алдымен эвакуация әйелдерге, балаларға және қарт адамдарға қатысты. 

Соңғы айларда Батыс мемлекеттері Ресейдің Украина шекарасы маңындағы қауіпті әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Мәскеу мұндай айыптауларды жоққа шығарып, ешкімге қауіп төндірмейтінін және ешкімге шабуыл жасау ниеті жоқтығын мәлімдеді. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...