Ресей келесі аптада Украинаға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиза Трасстың сөзіне сілтеме жасап жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Ең нашар сценарий келесі аптада болуы мүмкін. Шындығында, Ресей уақытты кері қайтаруға тырысып жатыр», — дейді ол.
Трасстың айтуынша, Еуропа 20-ғасырдың басынан бері қауіпсіздікке төнген ең күрделі қатерімен бетпе-бет келіп отыр.
«Ресей дипломатиялық реттеу мүмкіндігін байыппен қабылдамайды деп қорқамын», — деді ол.
Ақпанның соңында ДХР мен ЛХР басшылығы Украинаға басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына уақытша эвакуациялау туралы хабарлады. Ең алдымен эвакуация әйелдерге, балаларға және қарт адамдарға қатысты.
Соңғы айларда Батыс мемлекеттері Ресейдің Украина шекарасы маңындағы қауіпті әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Мәскеу мұндай айыптауларды жоққа шығарып, ешкімге қауіп төндірмейтінін және ешкімге шабуыл жасау ниеті жоқтығын мәлімдеді.