Лукашенко Зеленскиймен байланысуға тырысқанын айтты. Зеленский Гомельде келіссөз жүргізу туралы ұсынысқа: «Мүмкін сөйлесерміз» деп жауап берді.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь аумағында Ресеймен келіссөздерді бастау туралы ұсынысқа пікір білдірген еді. Зеленскийдің айтуынша, Минскте келіссөздер жүргізу мүмкін емес.
«Варшава, Братислава, Будапешт, Стамбұл, Баку – бәріміз ресейлік тарапқа осыны ұсындық. Бізге кез келген басқа қалада, аумағынан зымырандар ұшпайтын елде кездесе аламыз», — деді Украина басшысы.
Украина билігі өз әрекеттерімен Беларусьті өз азаматтарын қорғау үшін арнайы операцияны бастауға итермелеп отыр. Бұл Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзі.
Ақпан айының басында Лукашенко Украинадағы дағдарыстың себебі басшылығының әрекеті себебінен деп мәлімдеген.
«Халық осындай басшылықты таңдады. Онда болып жатқан барлық жағдайға Украина басшылығы себеп болып отыр», — деді ол.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Лукашенко Киевті жеңіліске ұшырамау және қантөгіске жол бермеу үшін Мәскеуге жеңілдік жасауға шақырды.