12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Лукашенко қажет болған жағдайда Украинаға әскер жіберуге уәде берді

Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Біз бұл қақтығысқа қатысамыз ба, жоқ па дегенге қазірше жауап бере алмаймын.Дәл қазіргі сәтте біздің әскер ол қақтығыста жоқ. Бірақ алдағы уақытта Беларусь пен Ресейге қажет болса барады, қақтығысқа қатысады», — деді ол.

Александр Лукашенко Украина қақтығысты қалайтынын, себебі оны алдын алу үшін ештеңе жасамағанын айтты.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан жасырылған барлық дерек олардың (Украина. — Ескерту) бұл қақтығысты қалағанын айғақтайды. Себебі оны болдыртпау үшін ешнәрсе істемеді. Олар үнемі шиеленіскен нәрсені одан ары шиеленістіре түсті. Тіпті бұл республикалар (Донбасс -) тәуелсіздігін мойындағаннан кейін де», — деп Лукашенконың сөзін Белта агенттігі келтірді.

Беларусь президенті сондай-ақ Украина жеңілген тарап ретінде Ресейдің талаптарын орындау керек деген пікір білдірді.

«Иә, олар (талаптар — еск.) Украинаға қатысты қатал болады. Егер жеңіліп қалса, не болады? Әрине, жеңімпаз өз талабын айтады. Бұл жағыдайда Украина үшін бір талапты орындаған соғыста жеңілгенінен әлдеқайда жақсы болады», — деді Беларусь президенті әскери қызметкерлермен жедел кездесуде.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...