12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттық қорға 500 миллиард теңге түседі: қандай компаниялар IPO-ға шығарылады

«Самұрық-Қазына» ұлттық компанияларды IPO-ға шығару арқылы Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөледі

ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында айтылды. Жиында инвестициялық саясаттың жаңа тәсілдерін қалыптастыру мәселесі қарастырылды.

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы аясында инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту, жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің артуына ықпал ету және баға белгілеудің жаһандық тізбегін терең интеграциялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалау барысы жөнінде басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев есеп берді. Ол сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, мұнай, газ өңдеу, көмір және электр қуатын өндіру мен олардың маркетингі нарығының қатысушылары үшін кедергілерді жою сияқты бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өтті. Сонымен бірге кадрлық саясат қайта қаралып, басқару персоналы оңтайландырылған.

«ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Соның арқасында «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөле алады», — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам сапалы инвестиция тарту, жалпы құны 4 триллион теңгеге жаңадан 24 өндіріс орнын ашу және 5000 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.

Әрбір портфельдік компания үшін қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жеткізу бағдарлары оңтайландырылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданады. Мысалы, қор кәсіпорындарына электр қуатын жеткізу үдерісіне қатысатын 44 делдалмен арадағы шартты бұзу жоспарланып отыр.

Осы шаралардан кейін экономикалық тиімділік биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден асады.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...