Ұлттық банк базалық ставканы 14%-ға дейін көтерді

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылына 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Соған сәйкес өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады. 

Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді.

Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді. 2022 жылдың наурыз айында жылдық инфляция теңге бағамы әлсіреп, сұраныс көбейгенде және жеткізілім тізбегі бұзылғанда 12%-ға (2022 жылғы ақпанда – 8,7%) дейін қарқын алды. 

Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсу қарқыны, сәйкесінше 15,4% (10%) және 10,9% (8,6%) болды. Ақылы қызметтің құны 8,3% (7,1%) өсті. Инфляцияның тұрақты қалыпта үдеуі тауарлар мен қызметтердің кең спектріне бағаның өсуімен сипатталады. Мұның өзі 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияның айтарлықтай өсуімен расталады. 

Инфляцияға қатысты күтулер бір орында тұрақтап қалған емес және ол жоғары құбылмалылықты көрсетуін жалғастырып келеді. 2022 жылдың наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы геосаяси ахуалдың нашарлағанын, ұлттық валютаның құнсыздануын көрсететін қоғамдық оптимизмнің төмендеуін және инфляциялық күтулердің айтарлықтай артқанын көрсетеді.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.