12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін тарихи күн. Сондықтан, мерекелік материалымызға сот  саласында өзіндік орны бар судья, «Құрмет» орденінің, «Сот жүйесінің үздігі», «Үш би» төс белгілерінің және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық  медалінің, т.б. марапаттардың иегері Жанат Сақыбайұлының өмірі арқау болмақ.

Қазақстандық соттардың қалыптасып, дамуында Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан айрықша үлес қосқан Жанат Бекжанов әруақытта жастарды  қолдап, ағалық ақыл-кеңесін айтып жүреді. Содан болар, өмірі мен еңбек жолы үлгі боларлық ағамызға қарап бой түзейтіндер аз емес.

Халқымыздың «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деген сөзінің өзі қазылық қызмет маңызының қаншалықты салмақты екенін білдіреді. Жанат Сақыбайұлы осындай жауапкершілігі жоғары салада 28 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді.

Судьялық қызметте жүргеніне 22 жыл болса, соның 20 жылында бірнеше сотты басқарды. Атап айтқанда, Ж.Бекжанов Қызылорда облысының Арал, Қармақшы аудандық соттарына, сондай-ақ, Қызылорда қалалық сотына, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты мен Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 сотына төраға болды. 2011 жылы Қызылорда облысының «Үздік судьясы» атанды. Бұл көрсеткіштер судьяның білім-білігі мен қарым-қабылетінің айқын көрінісі іспетті.

Жанат Сақыбайұлының сот жүйесіне келгенге дейінгі еңбегі   шаруашылық, әкімшілік салаларымен байланысты. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген соң әке жолын жалғастырып, зоотехник болды. Бұл жылдары да ол өзін мықты маман ретінде көрсете білді. Еңбегі бағаланып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Талай қызмет сатысын бағындырып, Қазалы аудандық Халық кеңесіне депутат та болады.   

Алайда, бала күнгі арманы оны Қазақ-Түрік университетінің заң факультетіне алып келеді. Оқуға түсісімен Қазалы аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен босап, аудандық сотқа маман болып кіреді. Осы сотта  алты жыл маманның да, кеңсе меңгерушісінің де, сот хатшысының да жұмысын қатар атқарады. Табандылығының арқасында сала жұмысын жан-жақты меңгеріп, ақылман ағаларының өнегесін өресіне жалықпай тоқиды.

Айта кетерлігі, Ж.Бекжанов өзінің еңбек жолында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық және Алматы қалалық филиалдарына жетекшілік жасады.

Жанат ағаның құрметтейтін жақсы қасиеті үлкендерге деген ықылас-пейілі ерекше. «Батаменен ел көгерер» демекші, сот ардагерлерін ескерусіз қалдырмай, сый-сыяпат жасап, мүмкіндігінше көмек қолын созып тұрады. Олардың еңбектерін өнеге етуі арқылы жастарға жол көрсетіп, бағыт-бағдар беруден жалықпайды.

Жанат Сақыбайұлы мықты судья ғана емес, сонымен бірге іскер басшы. Бұл кісі басқарған соттарда ең алдымен БАҚ-пен байланыстың күрт жақсаратынын жақсы білеміз. Өзгертіліп, толықтырылған заңдар, соттардағы реформалар  туралы пікірталастар ұйымдастырып, басылымдар бетіне жариялау, сол арқылы халықтың құқықтық сауатын арттыруға судьяларды жұмылдыру бағытында атқарған шаралары көп.

Осы ретте мысал келтірсек, кезінде сотта заңгерлік білімі бар азаматтар ғана өкілдік ету керектігі туралы бастаманы Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьялары айрықша көтеріп, заңның өзгеруіне белсене атсалысты. Сондай-ақ, Бостандық аудандық №2 сотының жұмыс сапасы қылмыстық істер қарайтын соттардың алдыңғы қатарында болды.

Сотқа келген азаматтардың сұрақтарына барлық уақытта дұрыс жауап беру, олармен жылы сөйлесу, әрбір іске жоғары жауапкершілікпен қарау туралы ақыл-кеңестері маған жұмыс барысында көп көмектесті. Сондай-ақ, «Соттың жүрегі – кеңсе, айнасы – мұрағат» деп, халыққа мінсіз қызмет көрсету барысында қоятын талаптары – бізді қатаң тәртіпке баулыды. Тіпті, азаматтар сұрағы көп түсетін бөлімдерге адамдармен жақсы тіл табыса алатын  мамандарды ғана отырғызатын. Мұның өзі халықтың сотқа деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, сол арқылы сенімді арттырудың бір тетігі екенін енді түсінудеміз.

Жанат Бекжанов қазіргі күні ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісі қызметінде.

Судья атты қасиетті ұғымға кірбің түсірмей, лайықты қызмет етіп, әрбір ісімен үлгі-өнеге болған еңбек жолындағы ұстазым Жанат Сақыбайұлына айтар алғысым шексіз. Кәсіби мереке құтты болсын. Сізге дүниедегі бар жақсылықты тілеймін. Сый-құрметіңіз артып, беделіңіз биіктей берсін жақсы аға.

Айгүл Сармаева,

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

кеңсе меңгерушісі

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...