Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл. Қазақстандық офицерлердің жағдайы қалай?

Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына негізгі қақпаны танкпен қиратып басып кіріп, 15 сарбаз жараланған. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер — үш штабтық офицер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Жағдайдың шиеленісуі олар қызмет ететін орыннан алыста екені айтылды.

«Жағдай шиеленіскен жағдайда қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығы және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста», — деді ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

Еске салайық, бұған дейін Израиль армиясы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік базасына басып кірген кезде кем дегенде 15 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.