12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Литваның экс-президенті: «Үшінші дүниежүзілік соғыс болып жатыр»

Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу үшін Батыстың шегінуі — тығырық, себебі Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Бұл туралы Литваның экс-президенті Даля Грибаускайте мәлімдеді, — деп хабарлайды Delfi.

«Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатыр. Ол еуропалық. Бұл тек Украинамен соғыс емес. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан қауіпсіздік архитектурасына қарсы бүкіл демократиялық әлемге қарсы соғыс. 

Оны бастаған да, жағдайды қиындатып жатқан да біз емес. Егер артқа шегінсек, агрессор басымызға шығып, қалыптасқан тәртіпті өзгертеді. Ал оның салдары жаман болады, онымен күресе алмай қаламыз. Әсіресе біз сияқты кіші елдер үшін», — дейді ол. 

Грибаускайтенің сөзінше, Батыс мүлдем басқа өркениетке тап болады. Ал Путин билігіне қарапайым адамдар емес, «әскерилер» мен басқа да қаржы құрылымдары қолдау білдіреді. Сонымен қатар, экс-президент санкцияларға қатысты ойын айтты. 

«Ешқандай санкция оларды ойынан айнытпайды. Керісінше, батыс елдері салып жатқан санкциялар Батысқа қарсы адамдарды біріктіреді. Батыс өкілдерімен тамақтанып, әзілдеп: «оларға күн көру үшін картоп, қияр және тағы басқа нәрсе ғана керек» деген едім. Біз, Батыс өкілдері оларға біздің сусабын немесе басқа да нәрсе жетпей қалады деп ойлаймыз. Олар онсыз да өмір сүре алады және кез келген санкцияға төтеп бере алады», — дейді ол. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...