ЛИЦЕНЗИЯДАН АЙЫРЫЛҒАН МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНА ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ КЕРЕК ПЕ?

Түрлі жайттарға қатысты МҚҰ лицензиясынан айырылып жатады. Бұл ұйымның уақытша немесе толық қызметінің тоқтауына алып келуі мүмкін. Мысалы, осы мәселені реттейтін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл 5 ұйымды лицензиясынан айырды. Агенттіктің бұйрығы бойынша осы жылдың 23 ақпанынан бастап: «SF Offline»,«Express Аванс», «Hava Finance», «POS Credit», «Салем Кредит» микроқаржылық ұйымдары лицензиясынан айырылып, 3 ай мерзімге қызметін тоқтатты. Дегенмен, бұл борышкер үшін берешекті өтемеуге болады деген сөз бе? Анықтап көрелік.

Біріншіден микроқаржы ұйымдары не үшін лицензиясынан айырылуы мүмкін соны саралап көрелік. «Микроқаржылық қызмет туралы» заңды ашып, 16-бапты оқитын болсақ, осы туралы бар детальді көрсеткен. Сонымен МҚҰ лицензиясынан: 1) Бекітілген стандарттар мен нормаларды бұзғаны үшін; 2) Ұлттық банкке уақытылы есептік көрсеткіш ұсынбағаны үшін; 3) Жалған есептік көрсеткіш өткізгені үшін; 4) Уәкілетті органның жазбаша нұсқасын орындамағаны үшін; 5) Тексеріс жүргізуге кедергі келтіріп не жалтарғаны үшін; 6) Микроқаржылық ұйым ашар кезде жалған құжаттар жасағаны анықталған кезде; 7) Жұмыс принципі бұзылып кемшіліктер артқанда және т.б. кезде айырылады. Ал лицензиясынан айырылған МҚҰ шешім шыққан күннен бастап 30 күн ішінде өз атауынан «микроқаржылық ұйым», «ломбард», «кредиттік серіктестік» абреватурасын алып тастап, сол күннен бастап ақша беруді және осыған дейін жасасқан қаржы келісімдерін өзгертуді тоқтатуы керек. Яғни, сіздің бұл ұйымда берешегіңіз болса, сіз оны создырта не қайта қаржыландыра алмайсыз деген сөз. Ендігі басты сұрақ, «микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды деп қарызды өтемеуге бола ма?». «Микроқаржылық қызмет туралы» заңның 9-бабы бойынша: МҚҰ-ның лицензиясынан айырылуы, борышкерлерді ұйым алдындағы өз міндеттерін толық көлемде әрі уақытылы орындаудан босатпайтынын біле аламыз. Сол себепті де егер МҚҰ алдында берешегіңіз болса, босаңсудың және микрокредит бойынша жоспарлы төлемді кейінге қалдырудың жөні жоқ. Оның соңы өсім пайызы мен кредиттік тарихтың құлыпталуына алып келуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын МҚҰ алдындағы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, микронесие беру туралы жасасқан шарттар талаптарына сәйкес жауапты болатынымызды ұмытпау керек.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.