«Крокустағы» терактіге күдіктілерден жауап алу сәті түсірілген видео жарияланды

Желіде «Крокус сити холлда» теракт жасады деген күдікпен ұсталғандардан жауап алу сәті түсірілген видео жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірі 4 наурызда Түркиядан Ресейге ұшып келгенін мәлімдейді. Оның айтуынша, Түркияда оның «құжаттары аяқталып», шекарадан өткен.

Ұсталған ер адам бір ай бұрын куратор телеграм арқылы хабарласып, қару-жарақпен қамтамасыз еткенін айтады. Оған залдағы барлық адамды өлтіру тапсырылған және бұл үшін миллион рубльге жуық ақша ұсынған. Жартысы алдын ала картаға аударылған, қалғаны тапсырманы орындағаннан кейін уәде етілген. Ол қылмысты «уағызшының көмекшісімен» сөйлескеннен кейін жасағанын айтады.

Жарияланған кадрларда ол Фариддун Шамсутдин дегенге ұқсайтын аты-жөнін айтады, сондай-ақ туған күнін – 1998 жылы 17 қыркүйек.

Тағы бір күдікті тәжік тілінде сөйлейді, оның сөздерін камерадан тыс адам аударып тұр. Ұсталған адамның айтуынша, олар «Дмитровкада тасжол бойындағы» хостелде тұрған, көлік сатып алған, «такси жүргізушісі болып жұмыс істегісі келген».

Кейінірек телеграм-арналарда үшінші күдіктіден жауап алынған видео пайда болды. Ол қамауға алынғаннан кейін құлағын қауіпсіздік күштері кесіп алғаны айтылады. Ер адам есімін Раджаб Ализаде деп атаған. Одан сыбайластарымен бірге қаруды қайда тастағанын сұрағанда, ер адам нақты жауап бере алмады. Оның айтуынша, олар Брянск облысына қарусыз келген.

Қауіпсіздік күштері аудармашының көмегімен тағы бір күдіктіден жансақтау бөлімінде жауап алған. Видеода, алдын ала мәлімет бойынша, 19 жастағы Файзов Мухаммадсобир.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.